Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.01.2018, 17:38 Жаңалықтар / Ауа райы
19-21 қаңтар күндері аяз күтіледі

Астанада 19 қаңтар күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп секундына 3-8 жылдамдықпен шығыстан соғатын болады. Түнде ауа температурасы -23...-25°С, күндіз -13...-15°С.

20 қаңтар күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шығыстан тұрған жел, бағытын өзгертіп солтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Ауа температурасы түнде -22...-24°С, күндіз -15...-17°С.

21 қаңтар күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан жел бағытын өзгертіп, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.