Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.02.2018, 18:00 Жаңалықтар / Үлескерлік құрылыс
Астанада проблемалық нысандарды «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатыстыруды қарау аяқталды

Апта сайынғы аппараттық кеңес барысында проблемалы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысатын объектілердің қорытындысын баяндады.

«Алдын ала жрияланған графикке сәйкес «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына проблемалы нысандарды қатыстыруды қарау аяқталды», - деп айтты С. Хорошун.

Оның айтуынша, 39 нысан қаралған, оның ішінде 12 нысан «Елорда» курылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымының қарауына ұсынылды («Жағалау 3», «Жағалау 4», «Шығыс», «Пана», «Столичный 2», «Гарант», «Династия», «Есиль ЭК», «Арыстан», «Араби 2», «Территория комфорта-1», «Тұран Сығанақ»).

Қалған 15 тұрғын үй кешендерінің ТҚК төрағаларына пайшыларының жалпы жиналысын өткізіп нысандардың құрылысын аяқтау алгоритмін анықтап ВАК хабардар ету ұсынылды. («Хазрет», «Айсанам де люкс», «Садовые кварталы», «Comfort DeLuxe», «Жеті Жол», «Комсомольский», «Самал», ЖСК «Үміт - Береке», ЖК «Прага», жилой комплекс юго-восточнее пос. Көктал (лот 1,2,3)оңтүстік-шығыс тұрғын үй кешені, «Тамаша үй», «Оберег», «Зере-1», «Зере-2», «Ақжол», «Магистральный 3», 3 очередь).

Ал 6 тұрғын үй кешені («Рух», «Аниса -2,3», «Коктал», «МЖК Асар», «Абат», «ЖК по 150 лет Абая») ТҚК «Нұрлы Жер» бағдарламасының қатысуынсыз инвесторлармен құрылысты аяқтау бойынша келісімшарттар жасасқан. 

Ал қалған 6 нысанның («Фьючи хом», «Жастар-4», «Алтын Бұлақ», «Ақерке-2», «Мұнар-2», «Кургальджинский квартал») құрылысын аяқтау нысандарды ТҚК бергеннен кейін бағдарлама шеңберінде қаралатын болады, - деп айтты С. Хорошун.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.