Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.03.2018, 16:08 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының инфрақұрылымы қалалықтар үшін қолайлы болмақ

Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше кездесу өткізгеннен кейін, қаладағы нысандардың қолайлы инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселесі бойынша аралауға шықты.

Осы жолы әкім жақында ғана су құбыры жарылған  Момышұлы – Абылай хан даңғылын барып көрді. Қар жауғандықтан жердің беті 2,5 метрге дейін тоңып қалған. Апатқа топырақтың кемірілуі себеп болған. Су құбырының жарылған жеріне 100-ге жуық арнайы техника келіп, екі сағаттай суды шығарумен айналысты. 

Ал жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалының инфрақұрылымы туралы астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун баяндады.

Оның айтуынша, жолаушыларды отырғызу және түсіруде қолайлы жағдай жасау үшін теміржол вокзалына жақын жүретін автобустардың келу-кету бағыты өзгертіліпті. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» вокзалы аймағында 11 бағдар бар. Бұл жұмыстарды «Қазақстан Темір жолы» АҚ бірлесіп орындаған.

Теміржол вокзалына келген жолаушылар мен автобус күтушілердің аялдамаға дейін жолы айтарлықтай қысқарды. Оған қоса, елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін эскалатордың санын көбейтіп, жолаушылар мен жүк тасымалдайтын лифтілерді пайдалануға іске қосты.

Яғни, қолданыстағы 52 эскалаторға 12 эскалатор қосылды, бұл адамдардың бірінші қабаттан бірден үшінші қабатқа шығып, түсуіне мүмкіндік береді. Жаңа теміржол вокзалының ғимаратында қазір 26 лифт жұмыс істеп тұр, оның 6-уы жолаушылар, 4-уі сыйымдылығы үлкен жүктерге арналған.

Бұдан кейін әкім вокзал маңындағы халықаралық әуежайдың алаңына да барып қайтты. Себебі, қала тұрғындары мұның алдын бірнеше рет астана әуежайына барар жолдың қолайсыз екенін айтып шағымданған болатын. Әкімнің сапар барысы кезінде әуежай басшылығына жолаушылар транспорты басқармасымен бірлесіп, автокөліктер үшін әуежай автотұрағынан уақытша аялдамалары мен  арнайы жолағы бар алаң бөлуді тапсырды. Аталмыш жоба жолаушылардың жайлылығы мен қолайлы болуына бағытталды және ол таяу арада жүзеге асырылмақ. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.