Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.03.2018, 18:18 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада тасқын су ахуалы бақылауда тұр

Астана әкімдігінде әдеттегідей апталық мәжіліс өтіп, онда үлестік құрылыс, жылу маусымы, су тасқыны құқықтық тәртіп пен көшелерді тазалау мәселесі қаралды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндама жасады.

«ВАК-тың соңғы отырысында 20 нысан қаралды. 7 наурызда «Азбука жилья» нысаны бойынша және «Гарант», «Жеті жол», «Комсомольский», «Айсанам де Люкс», «Садовые кварталы», «Династия» тұрғын үй кешендерінің ТҚК төрағалары қаржы аудитін жүргізу үшін аудиторлық компанияларды анықтады», – деп хабарлады С. Хорошун.

Оның айтуынша, аудиторлық компаниялардың жетекшілері барлық нысан бойынша қаржылық аудитті наурыздың соңына дейін көрсетілген мерзімнен ертерек аяқтайтынын растады, ал техникалық аудитті сәуірдің соңында аяқтайды.

Сондай-ақ, «Комфорт» ТК шешілмей қалған мәселесін басқа аудитке қалдырып, оны таяуда болатын ВАК отырысында қарайтындарын айта кетті.

Төтенше, санитарлық-эпидемиологиялық, қаладағы объектілердің ағымдағы ахуалы мен жылу маусымы туралы әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Ол есеп беру кезеңінде табиғи төтенше жағдайлар мен техногендік сипаттағы оқиғалардың тіркелмегендігін, жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты және бақылау деңгейінен аспағандығын айтты. Астанада жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр, ал энергия көздері нормативті жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Қосман Айтмұхаметов астанадағы тасқын су ахуалына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, қала аудандарындағы жеке секторлардан қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Майбалық өзенінен жоғары жағына қарай зерттеу жүргізіліп, артық қар қорының жоқтығын байқады. Қысқасы, елордада тасқын су ахуалы тұрақты, бақылауда тұр.

Аудан әкімдеріне алдын ала қалалықтар мен ПИК өкілдеріне жеке сектор, тұрғын үй кешендерінің айналасын көлкіген судан сақтандыру үшін жұмыстар жүргізу керектігін тапсырды. Яғни көрсетілген мерзімге дейін үй шатырын қардан тазартып, оған жақын көшеге дейін жүретін жолдарды тазалап, қар тазалау кезінде септиктерді белгілеп, құрылыс материалдарын, көлік және де қар шығару кезінде жасыл желектерге зиян келтірмейтіндей белгілерді қалдыру керек. Үйлерді бірдестен еріген қардың суынан сақтандыру мақсатында дер кезінде тұрғын үй кешендерінің маңайындағы арықтарды тазалап, тасқын судың бөгеліссіз ағып кету шараларын қарастырды.  

Нарықтағы жанар-жағармай материалдары мен көмір туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова баяндап шықты. Айтуынша, нарықтағы көмір мен ЖЖМ ахуалы тұрақты, күн сайын мониторинг пен бақылау жүргізіліп тұрады.   

Астанадағы криминогенді ахуал мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары бойынша ІІД басшысы Марат Қожаев есеп берді.

«Елордада оперативті жағдай тұрақты. Ізі суымастан 93 қылмыс ашылды, бұрын жасалған – 45, өткен жылы – 36. Сот пен тергеуден қашып жүрген 6 қылмыскер ұсталды, із-түзсіз жоғалған 6 адам анықталды», – деді М. Қожаев.

Бейнебақылау камерасының көмегімен 11 қылмыс және 1 283 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қалада тәртіпке келтіру мен тазалық жұмыстары жалғасуда. Әкімшілік жауапкершілікке шағын және орта бизнестің 34 басшысы, 2 ПИК тартылды.

Дәрі-дәрмек құралдары мен қоры туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров баяндады.

Қаланы абаттандыру мәселесі бойынша Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.