Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.03.2018, 11:53 Жаңалықтар / Көлік және автожол
№ 14, 48, 52 автобус бағдарының қозғалысы уақытша өзгереді

Осы жылдың 14 наурызынан 1 мамырына дейін Ы. Дүкенұлы көшесінде Ш.Айманов көшесінен Ы. Дүкенұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№ 14, 48 автобус бағдарларының қозғалысы Ы.Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі.

№ 52 автобус бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарайсолға Бөгенбай батыр даңғылына, оңға Ш.Айманов көшесіне, әрі оңға Ы.Дүкенұлы көшесіне, солға Ш.Уәлиханов көшесіне, ары қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.