Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.03.2018, 13:23 Жаңалықтар / Денсаулық сақтау
Елордада көпбейінді ауруханалар пайда болады

Астанада денсаулық сақтау инфрақұрылымының бірыңғай перспективалық даму жоспары таныстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Науқастар медициналық көмекті бір жерде алуы үшін 2018 жылы Астанада көпбейінді станционарлар құрыла бастайды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратовтың айтуына қарағанда, көпбейінді ауруханалар екі әдіспен құрылмақ.

«Бірінші кезекте, мұндай медициналық ұйымдарды жаңадан құратын боламыз. Олар көпбейінділік типі бойынша жобаланып, жоспарланатын болады. Біз қандай көпбейінділік жайлы айтып отырмыз? Мұндай аурухана кешені босандыру бөлімшесінен онкологиялық ауруларды емдейтін бөлімдерге дейінгі бөлімдерімен қамтылады» деді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары баспасөз мәслихаты барысында.

Көпбейінді станционарларды құру әдістерінің енді бірі – бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған медициналық қызметтерді біріктіру арқылы ірілендіру.

«Болашақта бөлек онкологиялық, наркологиялық, психиатриялық және инфекциялық қызметтер біртіндеп жойылатын болады. Бұл қызметтердің барлығы бейінді станционарлардың құрамына кіретін болады. Дәлірек айтқанда, 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазіргі күні жұмыс істеп тұрған ауруханаларды бір-бірімен біріктіріп, ірілендіру арқылы медициналық көмек көрсететін үлкен ұйымға айналдыруға тырысатын боламыз», – нақтылады Тимур Мұратов.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.