Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.03.2018, 15:51 Жаңалықтар / Мәдениет
Жылылық пен шаттық сыйлар науқан

Наурыз – табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңаратын кезі. Бұл – жыл, жаңа өмір басы. Еліміздің түкпір-түкпірінде бұл көктемгі мерекенің құрметіне түрлі концерттер, байқаулар ұйымдастырылады. Ел ордасы – Астанада Наурыз мерекесіне арналған шараларға бастау беріліп те қойыпты. «Сарыарқа» ауданы әкімдігі «Бауырсақ Time» атты акцияны өткізіп жатыр.

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшілері бауырсақтар таратылған серуенде болып, қалалықтардың мейрамға қаншалықты дайын екендіктерін біліп қайтты. 

Наурызды қалай қарсы алсаңыз, табиғаттың сізге деген игілігі де сондай болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық науқаны қазақ халқының мәдениетін, қонақжайлылығын дәріптеп, Астана қаласының әр тұрғынын ұлттық тағамдармен таныстырады. 

«Бауырсақ Time» фестивалі бүгін басталып осы аптаның соңына дейін жалғасатын болады. Біздің ауданның аумағында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қала тұрғындары мен қонақтарына бауырсақтарды таратады. Бауырсақ – жылдам әзірленетін, дәмді де, жұғымды да тағам», – дейді «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек. 

Күн сайын төрт мыңнан астам бауырсақ таратылады. Фестиваль аясында жалпылай алғанда 25 мың бауырсақ даярланады деп жоспарлануда. 

«Ой, бұл шынымен де жағымды тосын сый екен. Мереке қарсаңындағы көңіл-күй көтеріліп, нағыз көктемнің жеткені сезіледі, рахмет», – деп алғысын білдірді елорда тұрғыны Екатерина Иванитская. 

«Бауырсақ Time» акциясы елорда Арбатында 17 наурызда сағат 12:00-де жабылады. Акцияның жабылу рәсімінен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылып, жұртшылық алдында шығармашылық ұжымдар мен әртістер өнер көрсетеді. 

«Бұл күні елорда тұрғындары мен қонақтарын ыстық бауырсақтар, тәтті пісірмелер, мерекелік атмосфера күтетін болады! Келіңіздер, Сіздерді көруге қуаныштымыз», – дейді ұйымдастырушылар. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.