Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.03.2018, 21:14 Жаңалықтар / Мәдениет
Этномәдени бірлестіктер "Шарапат" орталығында концерт өткізді

"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері көктем мерекесімен қарияларды құттықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бұл күні қызмет орталығындағылар үшін "Шаңырақ" ансамблі, астаналық  "Вдохновение" неміс бірлестігінің балалар квартеті, "Дуслук", "Вяселка" ансамблдері ән шырқады. "Злата" болгар этномәдени орталығының жетекшісі О. Андриевская көрермендерге "Отдавна хора та голоря" әнін сыйға тартты. 

"Наурыз - салтанатты өмір мерекесі, күн мен түннің теңеліп,  жылудың келгенін білдіретін мереке. Көктемнің үміт арқалаған мерекесі,  рухани тазарып, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайта түседі", - деді орталықтың директоры Кенжеболат Бапишев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.