Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

20.03.2018, 19:10 Жаңалықтар / Мәдениет
Астананың тұрғын алаптарында халықтық серуен жалғасады

Астанада Наурыз мейрамы құрметіне халықтық серуендер Пригородный және Үркер тұрғын алаптарында 21 наурызда сағат 11.00-де,  22 наурызда сағат 11.00-де Көктал-1 және Өндіріс тұрғын алаптарында, ал 23 наурызда сағат 12.00-де Сарайшық шағын ауданында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап. 

Аудан тұрғындары Клара Төленбаева, Досымжан Таңатаров, Асқар Жайлаубаев сынды отандық эстрада жұлдыздарының, «Дабыл», «Сарыарқа», «Дәуір», «Ретро», «БУМ» топтарының, «Аламан» мен «Z» триоларының, «Диарт» және «Бастау» аспапты ұжымдарының, «Art Music» квартетінің қатысуымен өтетін концертті көреді. 

Мұнымен қоса, жиналған қауым халықаралық фестивальдердің жеңімпаздары, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының солистері Перизат Тұрарованың, Жанаргүл Рахатқызының, Жақсыкелді Маясаровтың, Президент оркестрінің солисі, халықаралық конкурстардың лауреаты Айзат Карабекованың, дарынды домбырашы Құрманғазы Байтасовтың және вокалист Мәдина Ахметованың, Айдана Смаханованың, Бауыржан Нұрымбетовтың, Олжас Сабижанның, Әйгерім Хасанованың және Әсем Омарованың шығармашылығымен танысады және «Іңкәрім» би ансамблінің өнерін тамашалайды.

Жиналғандар флешмобтарға қатысып, арқан тарту, гір көтеру және армрестлингтен жарыстарға қатыса алады, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрсетіледі.

Келушілерге наурыз көже, палау мен бауырсақтар таратылады. 

Бұған дейін халықтық серуендер Железнодорожный, Интернациональный, Промышленный және Мичурино тұрғын алаптарында өткізілген болатын.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.