Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

21.03.2018, 16:00 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана әкімі Әсет Исекешевтің Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз Наурыз барша қазақстандықтар ерекше ықыласпен тойлайтын ізгі мейрам. 

Еліміз биыл Наурыз мейрамына толайым табыспен жетіп отыр. Экономикада, мәдени-әлеуметтік салада оң нәтижелерге қол жеткізілді. Астанамыз өзінің жиырма жылдық мерейтойын тұтас ел көлемінде атап өтуде. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығы жəне қолдауымен сəулетті де дəулетті қалаға айналған жас елордамыз бүгінде əлемнің өркендеген мегаполистері қатарынан көрініп келеді.

Бұл да болса алған бағытымыздың айқын, ісіміздің нәтижелі екенін дәлелдейді. Осынау игілікті іске қарапайым азаматтардың да қосқан үлесі зор екенін зор екенін мақтанышпен айтамыз.

Наурыз мейрамы әрбір шаңыраққа құт-береке алып келсін. Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Ізгі тілекпен Астана қаласының 

әкімі Әсет Исекешев

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.