Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.04.2018, 12:13 Жаңалықтар / Мәдениет
Елорда тұрғындарын танымал актермен кездесуге шақырамыз

Бүгін 16 сәуірде, сағат 15:00-де «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де актер, шоумен, музыкант және кәсіпкер Әнуар Нұрпейісовпен кездесу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Айта кетейік, Әнуар Нұрпейісов осы жылдан бастап Астана кітапханаларында өткізіліп жатқан «Bookdating» кітап жобасының авторы. 

«Aғaйынды» сериал, «Алқызыл қоян туралы ертегі», «16 қыз» фильмінің жұлдызы, спортшыларымызды қолдауға арналған «Гена GGG», «Мен Астанаға сенемін» өлеңдерінің авторы туралы білгісі келетіндер Ш. Құдайбердіұлы 25/3 мекен-жайындағы кітапханаға келіңіздер!

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.