Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.04.2018, 14:39 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
«Борышкер-2018»: Мамандандырылған тұраққа 53 автокөлік жеткізілген

Ішкі істер департаменті осы жылдың 11-30 сәуір аралығында сот орындаушылардың қатысуымен «БОРЫШКЕР-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алдында хабарланғандай іс-шара аясында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.

Өткізілген ЖПШ жаңашылдықтарының бірі – автоматты жүйелерде тіркелген ЖКЕ-сін бұзғаны үшін айыппұл төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлік құралын мамандандырылған автотұраққа қоюға, сондай-ақ КҚТП алып қоюға дейінгі мәжбүрлеп орындау түріндегі шара қолданылатын болады.

Бүгінде мамандандырылған тұраққа 53 автокөлік жеткізілген. Ішкі істер департаменті түсініспеушілік болмауы үшін қала тұрғындарынан айыппұлды уақтылы төлеуді сұрайды.

Сонымен қатар, Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеуге болатыны туралы ақпараттандырады: «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kzkaspi.kzegov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б., сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp арқылы жіберуге болады (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі).

http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «узнай о своих штрафах» бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.