Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.04.2018, 15:35 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Белгіленбеген жерге қоқыс қалдықтарын төккен жүргізушілер 4 млн-астам теңге көлемінде айыппұл төлейді

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жыл басынан белгіленбеген орынға қоқыс қалдықтарын, қарды, лас сұйықтықты төккен 163 жүргізушіні анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Жүргізушілер 4 млн-нан астам теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі елорданың санитарлық жағдайын жақсартып, абаттандыру ережелерін бұзуға жол бермеу мақсатында қоқыс қалдықтарын белгіленбеген орындарда қалдыру оқиғаларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуде. 

Жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары бірнеше құқық бұзушыны анықтады. 

Осылайша Астана қаласының «Есіл» аудандық ІІБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 18 сәуірде Илинка тұрғын алабында орналасқан «Abu Dhabi Plaza-Astana» құрылыс обьектісінен қоқыстың шығарылғаны анықталды. Бұдан бөлек, белгіленбеген орында, яғни Үркер кентіндегі Р.Есімжанова көшесі бойында құрылыс қалдықтарын төккен жүргізушілер ұсталды.

«Abby Dhabi Plaza-Astana» құрылыс обьектісін салушы «Arabtek Consolidated Contraktors Limited» құрылыс компаниясының бөлімшесіне құрылыс қалдықтарын төгіп, қаланы ластап, қадағалау жұмыстарын жүргізбегені үшін 300  АЕК (240 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

«Shaanxi» автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 505 бабының 2 тармағы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу,...» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК (72150 теңге) көлемінде,  «Шансиман» автокөлігінің  20 АЕК (48100теңге) көлемінде айыппұл салынды», - делінген таратылған хабарламада.

Мұнымен қоса,  «Алатау логистик Астана» ЖШС-нің мердігер ұйымы  да ҚР ӘҚБтК 505 бабының 1 тармағы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу,...» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 30 АЕК (72150 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.