Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.04.2018, 18:22 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Әсет Исекешев әріптестерінің назарын астаналықтардың арыз-шағымдарына қатысты жұмыстардың сапасына аударды

Бүгін аппараттық кеңесте елорда әкімі Әсет Исекешев күн тәртібіне азаматтардың арыз-шағымдарына қатысты жұмыстырадың сапасы мәселесін шығарды.

Ол, қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы құрылғаннан кейін тұрғындардың әкімдікке келуін азайтып, өз шағымдарын қашықтықтан түсіретінін атап өтті.

Мәселен, өткен жылы қала тұрғындарынан 400 мың арыз-шағым түссе, осы жылдың үш айының өзінде түсірілген арыз-шағымдардың саны 200 мыңды құрайды.

Осыған орай Астана әкімі әр арыз-шағымға қатысты әрекеттің жеделдігін жоғарлату маңыздылығын атап өтіп, барлық басқармалардың басшыларына түсірілген сұрақтарды жеті күндік мерзімде шешуді тапсырды.

«Әріптестер, сіздердің назарыңызды мынаған аударғым келеді. Азаматтардың арыз-шағымдардың әрбіреуіне немқұрайлы жауап қайтарудың қажеті жоқ. Олар тиімді өңдеуден өтуі керек. Азаматтар түсірген сауалдарына спалы жауап алатын болсын», - деп атап өтті ол.

Анықтамалық ақпарат:  Қалалық «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қала әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен жүзеге асқан Астана қаласы әкімдігі трансформациясының алғашқы кезеңі аясында құрылған болатын.

Орталық «109 кезекші қызметі» ММ мен Астана қаласы әкімдігі ахуал орталығының бейне-бақылау мониторингі командасын біріктіру арқылы құрылған еді. Қазіргі таңда ол оқыс оқиғаларды дер кезінде жоюды үйлестірудің, мониторинг пен елорда «тіршілігі» сараптамасының құралы болып табылады.

«iKomek» орталығының негізгі мақсаттарына мыналар жатады: тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдау, оқыс оқиғалар, апатты жағдайлар кезінде коммуналды және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, оқыс оқиғалардың дер кезінде шешілуін бақылау, құқық бұзушылықтар оқиғаларын анықтау мен өңдеу, первентивті шараларды тізімдеу, сондай-ақ, қаладағы жағдайды бейне-бақылау жүйесі арқылы «дәл қазір және осы жерде» режимінде жедел түрде бақылау.

«iKomek» орталығы ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделген (АҚШ пен Канаданың service management тәжірибесіне негізделген). Осы сервистің көмегімен тұрғындарды байланыс нүктесімен қамтудың 4 деңгейлі моделі құрылады.

«iKomek» орталығы тұрғындар кез келген арыз-шағымын оңайлатылған формада түсіруі үшін құрылды. Орталық опеараторлары тұрғындардың арыз-шағымын байланыстың барлық каналдары арқылы (телефон байланысы, әлеуметтік желілер, facebook пен telegram-дағы чат-боттар) қабылдайды, арыз-шағымдарды өңдеп, олардың тіркеу номерін белгілеу арқылы Астана қаласы тұрғындарының арыз-шағымдары тізіміне енгізеді. Бұдан кейін операторлар мәселенің белгіленген мерзімде шешілуі үшін мемлекеттік органдарға тапсырады.

«iKomek» орталығы жүйесі қала билігі мен коммуналдық қызметтерінің жұмысын барынша ашық етіп, биліктің ашықтығы мен қаламызды одан әрі көркейте түсуге дайындығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда «iKomek» орталығы әкімдіктің бірыңғай бағыт-кеңсесінің, елорда тіршілігінің барлық сұрақтары бойынша тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдап, оқыс оқиғаларды дер кезінде жою мен қала қызметтерінің жауабын тұрғындарға жеткізуді үйлестіретін бірыңғай қызметтің міндетін атқарады.

Елорда тұрғындары қалалық «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығына мынадай тәсілдермен хабарласа алады:

- 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы

- Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде #astana109 хэштегін белгілеу арқылы

- Әлеуметтік желілердің чат-боттары арқылы

Facebook: http://m.me/astana109

Telegram:https://t.me/astana109bot

Әлеуметтік желілердегі «iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету орталығының беттері:

Facebook www.facebook.com/astana109/

Instagram www.instagram.com/astana109/

Telegram-канал https://t.me/astana109112

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.