Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.04.2018, 18:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанадағы сауда нысандарында 550 өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзылғандығы анықталды

Бүгін астана әкімдігінде қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалағымен кезекті аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде – үлестік құрылыс, жылу маусымы, құқықтық тәртіп, көшелерді тазалау мәселесі қаралды. 

Түрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндады. 

«ВАК-тың соңғы отырысында 26 нысан қаралып, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бүгінге дейін нысанның қаржы және техникалық аудит жұмыстары жалғасып жатыр. ТҚК төрағасымен бірге жеткілікті емес құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде», - деді С. Хорошун. 

Сондай-ақ, ол «Абат» ТК нысаны жаңа «Интел KZ» ЖШС инвесторымен құрылыс жұмыстарын бірлесіп аяқтау туралы келісімге қол қойып, құрылыс жұмыстарын қайта жаңартты. «Алтын босаға» ТК пайдалануға берілді. Қазір проблемасы шешілмеген 51 нысан бар. 

Қаланың ағымдағы тыныс-тіршілігі мен тасқын су кезеңі мен нарықтағы жанар-жағармайдың ахуалы туралы қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Оның айтуынша, өткен аптада жұқпалы аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, жағдай бақылау деңгейінен асып кетпеген. Тасқын су ахуалы да астанада тұрақты. Нарықта көмір мен жанар-жағармай күн сайын мониторингтен өткізіліп, үнемі бақылауда тұрады. 

Дәрі-дәрмек пен оның қоры туралы және де Қазақстан халықтары бірлігі күнін атап өтудің дайындығы жайында қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев айтып берді. 

Осы арада қала әкімі өзінің орынбасарларына, аудан әкімдіктеріне көктемгі мерекелерді тойлау кезінде өртке қарсы және қоғамдық қауіпсіздікті, абаттандыру, жақын маңайдың бәрін санитарлық тазалаудан өткізуді, санитарлық нормалардың сақталуын, жол қозғалысын реттеуді және т.б. қамтамасыз етуді тапсырды. 

Ал МЖӘ жобасын іске асыру, смарт-сити, «Сергек» бейнебақылау камерасын қосу жөніндегі жұмыстар, азық-түліктің бағасы туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді. 

Астанадағы криминогенді ахуал мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар жөнінде ІІД басшысы Марат Қожаев айтып шықты. 

Ол баяндамасында азаматтарды тіркеу мәселесіне тоқтала кетті. Айтуынша, астаналық полицейлер жалға берілетін барактарды белсенді түрде тексеріп, бір аптаның ішінде 50 үй иесі мен 167 адамға мекенжайға тіркелмегендігі үшін айыппұл салды. Осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр деді ол. 

Осы тұста Астана әкімі заң жолымен хостелдердің де жұмысын реттеуді тапсырды. Онда хостелдің жұмысын бақылайтын нақты нормативтік құжаттардың жоқтығын, көбінесе осындай ғимараттардың кішігірім болсын қауіпсіздік нормаларын сақтай бермейтінін айта кетті. 

Осыған байланысты Әет Исекешев меморгандарға хостелдердің жұмысын реттеу үшін заңға өзгеріс енгізуді зерттеуін тапсырды. Ол көппәтерлі тұрғын үйлерден хостел ашу үшін тұрғындардың келісімі керектігін айтты. 

Қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы туралы «Астана LRT» басқармасының төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты. 

Абаттандыру мәселесі бойынша Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандары басшыларының баяндамалары тыңдалды. 

Қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарын тексеру жұмыстары бойынша және басқа да адамдар көп жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев баяндады. 

Оның айтуынша, 117 нысанның 60 нысаны тексеруден өтті. Тексеру барысында 522 бұзушылық анықталған. Жіберілген бұзушылықтар үшін 8 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

«Сауда нысандарын тексеру барысында негізгі бұзушылықтар өртке қарсы автоматиканың істен шығуы, эвакуация жолының жабық болуы, электр сымдары механикалық әдіспен орындалған», - деді ол.   

Одан басқа, 15 нысанға қатысты тексерулер тіркеліп, жұмыстар жалғасуда, олар «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Евразия», «Астықжан»,  MegaSilkway, т.б. 

ТЖД басшысының баяндамасын тыңдаған Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы сауда базарларындағы өрт қауіпсіздігі қанағаттанарлық емес екенін айтты. Осыған байланысты базарлардың басшылары мен қожайындарына кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне шақырды, егер шара қолданбаса базарды жауып тастайтынын ескертті.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.