Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.05.2018, 18:45 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астана әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша проблемалы нысандардың құрылысы талқыланды

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кезекті апталық аппарат жиынында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері қаралды. 

Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун әкімге «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қалада проблемалы нысандардың құрылысы аяқталғалы жатқаны туралы баяндады. 

«Өкілетті ұйымдардың проблемалы нысандардың құрылысын аяқтау бойынша – «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бүгінде ведомствоаралық комиссия ұсынған 23 проблемалы нысанмен жұмыс жүргізуде («ИСК ЖШС «ASI» – ТК «Шығыс» және «Жағалау», «Азбуки жилья» тұрғын үй кешені, «Мой мирный дом», «Баспана», «Арыстан», «Тұран Сығанақ», «Столичный-2» тағы басқа тұрғын үй кешендері)», – деп хабарлады Хорошун.   

Оның айтуынша, орындау үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ 40 млрд теңге мөлшерінде 4 жыл мерзімге жартыжылдық сыйақысымен қоса 0,4% көлемінде жылдық сыйақымен займға келісім жасалды. Қазіргі таңда алғашқы 4 млрд теңге көлемінде транш алынды. 

2 мамыр 2018 жылы «Шығыс» ТК құрылысын аяқтау бойынша алғашқы бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойылды.  Өкілетті ұйым жуық арада «Шығыс» пен «Жағалау» тұрғын үй кешендерінің 7 нысанын бірлесіп жасау туралы келісімге қол қоймақ. 

«Сонымен бірге осы жылы ведомствоаралық комиссия ұсынған, жалпы саны 7 381 үлескері бар 15 проблемалы тұрғын үй кешеніне қатысты келісімшарт бекіту жоспарлануда», – деді ол.   

Барлық проблемалы оъекті бойынша келесі жұмыстар атқарылуда: 

·  қаржылай және техникалық аудит және мемсараптаманың оң қорытындысы берілген объектілерде жобаны экономикалық қонымды түрде қамтамасыз ету үшін қаржы үлгісі (қаржы талдауы) жұмыстары жүргізілуде; 

·  жобалау-ізденіс жұмыстарын өңдеу және жобалау-сметалық құжаттама; 

·  бөлінген жер учаскесіне орай қосымша тұрғын үй алаңы құрылысын анықтау; 

·  ТҚК қатысушылары мен үлескерлерге  тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.