Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.05.2018, 18:53 Жаңалықтар / Коммуналдық шаруашылық
Электр желілеріндегі апат 23%-ға төмендеді: Астанада жылыту маусымы қорытындыланды

Бүгін әкімдікте өткен аппарат кеңесінде жылыту маусымының қорытындысы шығарылды.

Жылу беру кезеңінде энергия көздерінің, жылу және электр желілерінде апаттық ажыратулар мен бірінші дәрежелі істен шығу жағдайлары тіркелген жоқ, деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Оның айтуынша, жылыту маусымы кезеңінде 2 284 млн кВт.ч электр және 6 391 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген. Қаланың энергия көздерінде 2 766 мың тонна көмір (39 516  вагон), 7 565 тонна мазут (126 цистерна) жұмсалды.

Өткен жылдармен салыстырғанда энергия көздеріндегі апат жағдайы 19%-ға, электр желілеріндегі 23%-ға төмендеген.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы әкімінің 10 мамыр күнгі № 509-782 қаулысына сәйкес, қалада жылыту маусымы аяқталды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.