Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

15.05.2018, 17:39 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астанада қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізіледі

Қала билігі қауырт сағаттарда жүк көлігі қозғалысына шектеу енгізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай шешімді қабылдауға елордадағы көлік ағысының жалпы жылдамдығының төмендеуіне жүк көліктерінің әсері себеп болды. Бүгінгі таңда қаланың аумағында 220-дан астам құрылыс учаскелері жұмыс істеуде, олардың бәріне жүк техникасы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, жүк машиналары жылдамдығының баяулығы, олардың ебедейсіздігі мен көлемінің үлкендігі сияқты факторлар жолдарда апаттық-қауіпті жағдайлар тудыруы мүмкін. Шектеу 14 мамырда жұмыс күндері сағат 07.00-ден 09.00-ге дейін және 17.30-дан 20.00–ге дейін автомобиль жолдары шекараларының аймағында салмағы 3,5 тоннадан артық жүк көліктерінің қозғалысына енгізіледі. Ол 31 желтоқсанға дейін қойылып отыр.

Жүк қозғалысына шектеу бекітілген сұлбаға сәйкес қала ішіндегі белгіленген 18 учаскеге қатысты болады.

Жолдардың тізімі

Қауырт сағаттарда жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізу қала жолдарында кептелістердің қалыптасуына жол бермеуге септігін тигізбек.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.