Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 10:13 Жаңалықтар / Көше қозғалысын ұйымдастыру
Ташенов көшесінің учаскесі қозғалыс үшін жартылай жабық болады

16-21 мамыр аралығында Ж. Ташенов тұйық көшесі мен Таха Хусейн көшесі бойында жатқан Ж. Ташенов көшесі көлік құралдарының қозғалысы үшін жартылай жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2017 жылы Ж. Ташенов көшесінде «Астана Су арнасы» МКК шаруашылық-тұрмыстық кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Шұңқырдың тереңдігі 4,5-5 метрді құрады. Ж. Ташенов көшесіндегі № 9 үйдің аумағында жөндеу жұмыстарына байланысты асфальтбетонды жабыны шөгіп қалды. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын жөндеу аясында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған орай, мамырдың 16-сынан (14:00 с.) 21-іне (6:00 с.) дейін Ж. Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейінгі Ж. Ташенов көшесінің учаскесінде автокөліктердің қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына кептеліс тудырмау мақсатында өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.