Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 11:22 Жаңалықтар / Мәдениет
Құддыс Қожамияровтың мерейтойына арналған концерт өтеді

«Астана Опера» театры КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Құддыс Қожамияровтың 100 жылдығын атап өтпек, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

18 мамыр күні театрдың Камералық залында Қазақстан композиторларының туындыларынан тұратын «Ұйғыр мақамының сарыны» концерті тыңдаушылар назарына ұсынылмақ.

Мерейтойлық концертке опера труппасының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано), симфониялық оркестр музыканттары – халықаралық байқаулардың лауреаттары Курванжан Ахатов (виолончель), Дамиля Махпирова (гобой) және т.б. өнерпаздар қатысады. «Астана Опера» Камералық оркестрі халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзинның жетекшілігімен өнер көрсетеді.

Осынау музыкалық кеште алғаш рет Құддыс Қожамияровтың туындылары – Ішекті аспаптар оркестріне арналған музыка ми минор, Виолончельге арналған концерт (жарық көрмеген шығармалар), «Бу Ахшам» әні (Б.Қыдырбектің өңдеуі), «Назугум» операсынан Назугум ариясы (камералық оркестрге арналған Х.Сетековтың өңдеуі) орындалмақ.

Сондай-ақ, Қ.Қожамияровтың шәкірттері, Қазақстанның өзге де композиторларының шығармалары көрерменге ұсынылады. Атап айтқанда, Б.Қыдырбектің «Қалқаман – Мамыр» операсынан Қалқаман ариясы, Х.Сетековтың «Скерцо» гобой мен оркестрге арналған концертінің бірінші бөлімі, С.Әбдінұровтың «Байдыбек», А.Мұхитдиновтың Концертино туындылары шырқалады.

Кештің басталуы сағат 19:00-де.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.