Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 14:42 Жаңалықтар / Ауа райы
Ауа райы: Елордада жаңбыр жауады

Мамыр айының 16-18 күндері Астанада жаңбыр жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты, Қазгидрометке сілтеме жасап.

16-ші мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп жел солтүстік-шығыстан 5-10, желдің екпіні күндіз 14 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +16...+18°С.

Ал, 17-ші мамыр күні көшпелі бұлт шығып, түнде және күндіз жауын жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 жылдамдықпен соқса, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +10...+12°С.

18-ші мамыр күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік- батыстан соққан жел бағытын өзгертіп батыстан 7-12 жылдамдықпен соқса, күндіз жел екпіні 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +13...+15°С.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.