Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 16:53 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Донорлық көмек» қайырымдылық акциясында 50-ден астам адам қан тапсырды

Бас қаланың 20 жылдығына орай Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Астананың мерейтойына кәсіпкерлерден 20 қайырымды іс» жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Қан тапсыруға арналған жаппай акцияға екінші деңгейлі банктердің барлық өкілі қатысуда. Қатысқысы келгендерге арнайы автобус та ұйымдастырылды. Онда медиктер донорларды қабылдады. 

«Мен қанымды қуана тапсырамын, себебі бұл өте пайдалы іс деп есептеймін. Ең бастысы, қанымның өзгелерге көмегі тиеді деп үміттенем», – дейді Нұрсұлтан Орбай. 

Айта кетейік, акция аптаның басында басталған болатын және жылдың соңына дейін жалғасады. 

«Аталмыш акцияны барлық екінші деңгейдегі банктер қолдады, бүгінге дейін 50-ден астам банк қызметкері қан тапсырды. Алдағы уақытта жұмыс жалғасады, акцияға басқа да бизнес өкілдерін қосылуға шақырамыз», – деді кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Еркін Ескендіров. 

Толық ақпарат алу үшін Бейбітшілік көшесі 11, 113 кабинетте орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына 55-69-10, 55-69-16 телефон арқылы хабарласа аласыз.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.