Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 18:04 Жаңалықтар / Білім
Ең үздік колледж ұстаздары анықталды

Қалалық турдың жеңімпаздары осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтетін «Үздік ұстаз – 2018» республикалық байқауына қатысады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Оқушылар сарайында техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда жұмыс істейтін мемлекеттік колледж ұстаздары арасында өткен «Үздік ұстаз – 2018» байқауының қорытындысы шығарылды.

Ұстаздарды шығармашылық жұмысы мен жетістіктеріне, тәрбиеленушілердің де жеткен жетістіктеріне қарап бағалады.

Конкурстың Бас жүлдесін Гуманитарлық колледж оқытушысы Жанар Таукен, бірінші орынды Көлік және коммуникация колледж оқытушысы Роза Ермұханова, екінші орын Көлік және коммуникация колледж оқытушы Ләззат Баймұханова, үшінші орын Политехникалық колледж оқытушысы Оксана Проценкова ұтып алды.

Сондай-ақ, «Зерттеуші педагог» және «Жаңашыл педагог» аталымдары бойынша үздіктер анықталды.

Жеңімпаздарға ақшалай және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.