Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 19:18 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астаналық құтқарушылар 112 телефон нөмірі төтенше жағдайларға тап болған және жедел көмек қажет ететін адамдар үшін екенін ескертеді

112 нөмірі Қазақстанда шұғыл жағдай туындаған кезде авариялық-құтқару қызметтерін шақыру үшін арналған. 112 телефон нөміріне облыс, қала, елді мекеннің аумағынан кез келген стационарлық немесе ұялы телефоннан ақысыз негізде қоңыраулар қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана ТЖД сілтеме жасап.

Егер сізде жарық немесе су өшірілсе, қараусыз тасталған көлік, иттердің қатты үргені немесе жоғарыдан мазасыз көршілер алаңдатса және т. б. жағдайларда 112 қызметіне жүгінуге болмайды. Сонымен қатар, 112 құтқару қызметінің операторлары анықтама бермейді.

Қажетті ақпарат алуыңыз үшін Астана қаласында көптеген әртүрлі анықтама қызметтері бар, сондай-ақ тегін, коммуналдық ұйымдардың кезекшілік-диспетчерлік қызметтері және т.б.

Бүгінде 112 қызметіне ерігіп хабарласатындар саны көбейді. Көбінесе «сіз нөмірді қате тердіңіз», «анықтама қызметі», балалардың ойнап хабарласуы, байланыс пен экстра-балансты тексеріп беруін өтіну.

Себебі, біреуге нағыз көмек қажет кезде 112 құтқару қызметінің нөміріне жалған қоңырау шалынғандықтан желі бос болмауы мүмкін.

Шұғыл емес басқа сауалдармен 109 телефонына хабарласуыңыз қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.