Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

16.05.2018, 20:26 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Әзірет Сұлтан» мешіті ресми порталының жаңартылған нұсқасы таныстырылды

Мuslim.kz сайтына енді ұялы телефон арқылы да кіруге болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Рамазан айы қарсаңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде muslim.kz сайтының жаңартылған нұсқасының таныстырылымы болып өтті. Шараға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, мешіт имамдары, жаңа нұсқадағы сайтты әзірлеуші «Astana Creative» компаниясының өкілдері және БАҚ қатысты. 

Мешіттің жаңа ресми порталының заманауи талаптарға сай етіліп дайындалғандығын тілге тиек еткен сайт редакторы Айдос Имантай оның негізгі ерекшеліктеріне тоқталды. 

«Жаңа сайт пен осыдан бес жыл бұрын әзірленген сайтты бір-бірімен салыстыру өте қиын. Мәселен, кейбір сайттарға компьютерсіз кіру мүмкін емес. Осы сияқты кедергілер жойылып, сайттың жаңа нұсқасы оқырман қауымға жол тартып отыр. 

Ол намаз оқып үйренушілерге арналған «Бейнелі намаз», «Құран», «Имандылық тесті» секілді жаңа айдарлармен толықты. Соңғы айдарға кіріп, белгілі бір сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің діни біліміңіздің деңгейін анықтай алсаңыз, «Құран» айдарында қасиеттің құранның барлық аяттары мен сүрелерін ұялы телефон арқылы да тыңдау мүмкіндігі қарастырылған», - деді ол. 

Мuslim.kz сайтының жаңартылған нұсқасы арқылы бұрынғыдай ислам әлеміндегі жаңалықтар мен ғибратты мақалаларды оқып, мешіт ұстаздары мен имамдарына сұрақ қоюға, аудио және видео өнімдерді көруге болады. Сайт жұмысы алдағы уақытта да жетілдіріле түспек.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.