Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.05.2018, 17:37 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
«Жолдағы қабылдау»: Астанада ерекше акция өтеді

18 мамырда сағат 10:00-де «Бәйтерек» монументі жанындағы көлік тұрағында (Қонаев көшесі) «Жолдағы қабылдау» атты республикалық дәстүрлі акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сағат таңғы 10:00-ден 16:00-ге дейін елорда тұрғындары мамандардан кәсіби кеңес ала алады. Елорда ЖПҚ, ӘПБ және «Нұр Отан» партиясының өкілдері басқарған мобильді топтар тұрғындарды «Жолдағы қабылдау» деген жазуы бар автобустарда қабылдайтын болады. 

Бұдан бөлек, жол патрульдік полициясының қызметкерлері таңғы сағат 10.00-ден «Бәйтерек» монументі алаңы мен «Рубеж» бақылау жүйесі бекеттері,  автобус парктері, арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету отралығы, Гёте көшесіндегі теміржол вокзалының алаңы мен «Қазақстан» спорт кешені маңындағы автотұрақтарда тұрғындарға конституциялық құқық  заңдылықтарын  сақтау мәселелері жөнінде сауалнама жүргізеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.