Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

04.06.2018, 13:00 Жаңалықтар / Білім
Астана тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық бойынша оқыту жүргізіледі

1 маусымнан 31 шілдеге дейін елордада мектептердің, колледждердің және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының негізінде қала тұрғындары үшін цифрлық сауаттылық курстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекттік бағдарламасының бағыты – адам капиталын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Зерде» Холдингі»АҚ-мен бірге халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша әдістемені және 4 оқу бағдарламасын әзірледі.

1) «Базалық цифрлық дағдылар» курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 4-8 сағатқа арналған)

·дербес компьютер, ноутбук, смартфон және планшетпен жұмыс істеу,сонымен қатар интерфейс, бағдарламалар, файлдар мен папкалармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

·қосымшалы құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

·бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдысына, сонымен қатар іздеу алгоритмі, мәтінді тез теру, Интернет желісіндегі баршаға қолжетімдіақпаратты қарап шығу және көшіру дағдыларына оқыту;

·негізгі офистік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электрондықкестелер, дерекқорлар, презентацияларды және т.б) пайдалану дағдыларынаоқыту;

·түрлі мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, электрондық поштаныжәне т.б. пайдалану дағдыларына оқыту;

·Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу компьютерлермен жәнебағдарламалық қамтамасыз ету жұмыс істеу кезінде құпиялығын, оныңішінде дербес деректерді қорғау дағдыларына оқыту.

2) «Ашық үкімет» (3-4 сағатқа арналған)

·Ашық үкімет компоненттерінің негізгі мақсаты мен міндеттері;

·Копоненттердегі навигация қағидаттары;

·ашық деректер жинағын қарау, түсінік беру;

·деректер жинағын жариялау және өзектендіруге өтінім беру;

·ашық деректер компонентінің АРІ * қолдану;

·НҚА жобаларын қарау, түсінік беру;

·бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау, түсінік беру;

·бірінші басшы блогына жүгіну, конференциялар, сауалнамаларға қатысу;

·ұялы байланыс сапасына шағым арыз беру;

·жазылу және хабарламалар алу.

3) «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 4-5 сағатқа арналған)

·тыңдаушыларды «электрондық үкімет» ұғымымен және қалыптасукезеңдерімен таныстыру;

·тыңдаушыларды «электрондық үкімет» веб-порталынавигацияларының қағидаларымен таныстыру;

·тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинеттежұмыс істеу дағдыларына, ЭЦҚ алу және қолдану дағдыларына оқыту;

·тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинеттетіркелу, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

·тыңдаушыларды «электрондық үкімет» мобильдік қосымшаларынатіркеуге, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

·тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталында және жеке кабинеттетіркелуге, авторлануға және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

·тыңдаушыларды www.еgov.kz порталындағы қолжетімді электрондықмемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру және оларды алу

·тәртібіне оқыту;

·тыңдаушыларды «электрондық үкімет» порталындағы мемлекеттікоргандарға электрондық өтінім беру тәсілдеріне оқыту;

·тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталындағы қолжетімдіэлектрондық мемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру жәнеоларды алу тәртібіне оқыту.

4) «Электрондық сауда» курсы (практикалық жұмысты қоса алғанда, 2-3сағатқа арналған)

·интернет сауданың негізгі мақсаттары мен артықшылықтары;

·интернет желісінде қауіпсіз сатып алу;

·интернет дүкен құру;

·интернет дүкенін ілгерілету;

·салық переференцияларын алу;

·интернет-дүкендерде сатып алу, сату, ілгерлету;

·интернет желісі арқылы қызметтерге төлем жүргізе (коммуналдық қызметке

·төлем төлеу).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

• Барлық төрт бағыт бойынша оқыту уақыты 8 сағатты құрайды (яғни 1 адам бір күнде оқуды толықтай өтіп ұлгереді). 1 курс 3-4 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

• Өзіңізбен бірге қалам / қарындаш, блокнот және USB таспасын (флешка) ала келу қажет.

• Өзіңізге ыңғайлы мекен-жай бойынша барып, тіркелуге мүмкіндігіңіз бар (курс өткізілетін нысандартізімі төменде берілген).

• 1 маусымнан бастап курсқа байланысты топтарға жазылу жүргізіледі.

Курса жазылу үшін келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

55-68-83, 55-68-73.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.