Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты

31.05.2018, 23:56

Байқоңыр ауданының әкімі Каналимов Ерлан Ермекұлы

Каналимов Ерлан Ермекұлы1982 жылы 22 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келді, ұлты – қазақ.

Жоғары білім: диплом бойынша мамандығы «Экономист, заңгер», Астана қаласының Басқару Институтында (2003 ж.), Қазақстан-Ресей университетінде (2007 ж.) білім алған.

Қызмет жолы:

·  12.09.2003 – 05.01.2005 Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық бөлімінің бас маманы;

·  05.01.2005 – 18.08.2005 Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі;  

·  18.08.2005 – 01.02.2006 Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру–бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы;

·  01.02.2006 – 01.10.2007 Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің кеңесшісі;

·  27.09.2007 – 01.10.2009 Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру–инспекторлық бөлімінің меңгерушісі;

·  02.10.2009 – 12.08.2013 Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

·  12.08.2013 – 03.08.2015 Астана қаласы әкімдігінің «Дағдарыс орталығы» КММ директоры;

·  03.08.2015 – 03.2018 «Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы» ММ жетекшісі;

·  20.03.2018 Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі.

Мемлекеттік марапаттар:

·  2005 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;

·  2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін ұйымдастыруға белсене ат салысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;

·  2015 жылы өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы науқанында көрсеткен белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты;

·  2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына арналған мерекелік медалі;

·  «10 жыл Астана» мерекелік медалі 2008 жыл;

·  2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медалі;

·  2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі;

·  2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Аудан бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімімен 2018 жылдың 27 ақпанында құрылды.

Жалпы ауданы 18 129 гақұрайды,

Аудан тұрғындарының саны - 211 мың адам

Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7.

Қабылдау бөлімі: 8 (7172) 55-75-19

Телефон нөмірлері:

Персоналды басқару қызметі 8 (7172) 55-73-72

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі 8 (7172) 55-74-91

Қаржы-шаруашылық бөлімі 8 (7172) 55-74-96

Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі 8 (7172) 55-73-75

Білім және ішкі саясат бөлімі 8 (7172) 55-67-93

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі 8 (7172) 55-73-80

Инфрақұрылым бөлімі 8 (7172) 55-74-60

Өндірістік-техникалық бөлім 8 (7172) 55-73-97

Абаттандыру бөлімі 8 (7172) 55-73-97

Мемлекеттік сатып алу бөлімі 8 (7172) 55-67-92

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 8 (7172) 55-73-79

Веб-сайт: www.baikonyr.astana.kz

Facebook: @baikonyrakimat

Instagram: @ baikonyrastana

Telegram: @ baikonyrbot

Whats app: 8 701 055 59 79

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппаратында

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Жетекшілік ететін сұрақтар

Байланыс телефоны

Қабылдау күні мен уақыты

1. 

Каналимов

Ерлан

Ермекұлы

Байқоңыр

ауданының әкімі

55-75-19

әр бейсенбі

сағат 15.00-17.00

2. 

Жаулыбаев

Ерлан

Әлімбайұлы

Ішкі саясат, әлеуметтік сала, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметтер жөніндегі әкімнің орынбасары

55-73-79

әр сәрсенбі

сағат 15.00-17.00

3. 

Оралов

Руслан Мейрамбайұлы

Санитарлық тазалық және абаттандыру мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

55-73-97

әр жұма

сағат 15.00-17.00

4. 

Серікқазы

Абайжан Серікқазыұлы

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,

инфрақұрылым және құрылыс мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

55-14-73

әр сейсенбі

сағат 15.00-17.00

Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат:

«Астана қаласының Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы Байқоңыр ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады. Аппараттың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

Аппарат қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

Аппараттың миссиясы - Астана қаласының Байқоңыр ауданы аумағында қоғам мүдделерімен, даму қажеттіліктерімен үйлестіру, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.

Мемлекеттік мекеменің құрылымы:

А.Т.Ә.

Лауызымы

Телефон

Саметов Ғалымжан Ақылбекұлы

аппарат басшысы

55-73-98

Аймағамбетов Ержан

Ільясұлы

әкімнің кеңесшісі

55-73-73

Құрманов Амантай Бауыржанұлы

әкімнің кеңесшісі

55-73-73

Ұйымдастыру-басқару бөлімі

Бөлім басшысы – Құрманов Еркін Бауыржанұлы, тел.: 55-74-91

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізеді. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. Ірі мерекелік іс – шаралардың өткізілуіне қатысып, олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкім орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылып, олар бойынша реестр жүргізеді, аудан әкімінің тапсырмаларына талдау және мониторинг жүргізеді.

Қаржы-шаруашылық бөлімі

 Бөлім басшысы – Боранбаева Динара Қанапьяқызы, тел.: 55-74- 96

«Астана қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген стратегиялық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражаттарының уақытылы, мақсатты және тиімді пайдалануына есеп пен бақылау жүргізеді. Астана қаласы Байқоңыр ауданының мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ұстау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарының және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің есебін және бақылауын жүргізеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, сонымен қатар әрекет ететін заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Персоналды басқару қызметі

Бөлім басшысы - тел.: 55-73-72

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша міндеттер мен функцияларды іске асырады, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлім басшысы – Хамзаев Арайбек Амангелдіұлы, тел.: 55-73-75

мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография, дене шынықтыру және спорт, отбасы және әйелдер, мемлекеттік тілді дамыту; бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекет жасайды, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік символиканы қолдануға бақылау жасайды, ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізуін ұйымдастырады. Санитарлы-эпидемиялық қадағалау, қоғамдық тәртіпті қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бизнес саласының даму мәселелері бойынша мониторинг, жинақтау және талдау жасау мәселелерін шешіп, болжамдық көрсеткіштерді құрастырады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының сыртқы жарнама бөлімімен бизнес объектілерінің сыртқы жарнамасының жағдайы мәселелері бойынша қарым – қатынас жасайды.

Білім және ішкі саясат бөлімі

Бөлім басшысы - Жұмашева Гүлмира Берікқызы, тел.: 55-67-93

Бөлім ішкі саясат, мәдениет, спорт, дін, тілдерді дамыту, гендерлік саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша жоғарғы органдардың директивті құжаттарының орындалуы бойынша материалдар дайындау, құзыреті аясында олардың орындалуын бақылау. Астана қаласының Ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін істері жөніндегі, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен өзара қарым-қатынас жасау. Мәдениет және спорт мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни конфессиялар, этномәдени бірлестіктер, Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялар және кеңестермен өзара әрекет жасау. Ауданда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу. Аудан мекемелерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің экстерьерлі түрінде дұрыс орналастыруын қадағалау. БАҚ-пен жұмыс істеу. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет қорын мәліметпен толтыру.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

 Бөлім басшысы - Абдрашев Рүстем Қайратұлы, тел.: 55-73-80

Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, иеліктің барлық түріндегі жетекшілік ететін кәсіпорындарға нақты үзіліссіз жұмысқа жәрдем етуді, жылыту мерзіміне дайындық бойынша шараларды іске асыруды бақылау. ПИК, ОИК,ТҚК және ӨК-термен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты үнемі жүргізеді.

Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылау. Инженерлік желілерді тарту және басқа жер өндірістік жұмыстарын бақылап орындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.

Инфрақұрылым бөлімі

Бөлім басшысының м.а. – Кәрімханов Қуаныш Берікболұлы, тел.: 55-74-60

Энергетика, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерімен, өнеркәсіп мекемелерімен, құрылыс ұйымдарымен және аудан инфрақұрылымының өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекет ету. Уәкілеттік қызметтерге отын-энергетикалық қорларды және суды тиімді пайдалануда көмек көрсету. Инженерлік желілердің және өзге де жұмыстардың өткізілуі бойынша жер жұмыстарының өндірісіне бақылау жүргізу. Жұмыс тобымен бірлесіп жер телімдерінің мақсатсыз пайдалануына және заңсыз құрылысқа жол бермеу, анықтау бойынша жұмыс істеу.

Өндірістік-техникалық бөлім

Бөлімі басшысы – тел.: 55-73-97

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Сала бағыттары бойынша қызметтер мен жұмыстарға мердігерлік ұйымдармен уақытылы келісім шарттар жасауды бақылау және ұйымдастыру. Абаттандыру және құрылыс объектілерінің жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауын техникалық қадағалау. Атқарылған жұмысактісін бақылауды іске асыру. Әр ерекшілік бойынша бюджеттік шығындар есебін тапсыру, бюджеттік өтінімдерді дайындау. «Астана Зеленстрой» АҚ, «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Астана Тазарту» ЖШС, мердігерлік ұйымдарымен қарым-қатынас орнату. Мердігерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есепті дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.

Абаттандыру бөлімі

Бөлім басшысы – Досмағанбетов Рамиль Майшуланұлы, тел.: 55-73-97

Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар жоспарының, «Астана қаласы аумағында құрылыс салу ережесінің», ауданды көгалдандыру бойынша дайындық жұмыстарының, тұрғындармен, ПИК-мен жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта мұзды және жол төсемін қардан тазалауын бақылау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзім бойынша қарау.

Мемлекеттік сатып алу бөлімі 

Бөлім басшысы – Смаилов Асқар Сарсенбайұлы, тел.: 55- 67-92

Заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жасау. Уәкілетті органға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және оны веб-сайтқа, веб-порталға жіберу. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуына, жергілікті органдарға уақытылы мағұлматты мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуын, қызметтер және жұмыс, заттарды жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрылып, бекітілгенін қадағалау.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

Бөлім басшысы – Тұрашева Айгүл Ақбердіқызы, тел.: 55-73-79

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.