Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

05.06.2018, 10:36 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Үркер» ұлттық сыйлығына материалдар қабылдау жалғасуда

28 маусым күні Астанада баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» Ұлттық сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сыйлықтың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету және олардың шығармашылығына қоғам назарын аудару.

«Үркер» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі және журналистиканы дамытуға, имиджін көтеруге, оның кәсіби стандарттары мен критерийлерін бекітуге, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, аймақтық БАҚ-тың дамуына ықпалын тигізеді деген үміт бар. 
Жалпы, байқауда 12 аталым белгіленген, оның ішінде аймақтық БАҚ үшін екі арнайы номинация «Үздік аймақтық радиостанция» және «Үздік аймақтық баспасөз басылымы» бекітілген.

Қазіргі таңда байқауға қатысу үшін www.El.kz сайтында өтініштер қабылдануда және қабылдау мерзімі 10 маусымға дейін жалғасады. Әр аталым бойынша лауреатқа 1 миллион теңге мен дәстүрлі естелік мүсінше беріледі. 2017 жылы жарияланған немесе эфирге шыққан материалдары бар журналистер мен баспасөз басылымдарының редакциялары, интернет-БАҚ пен радиостанциялар қатыса алады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.