Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

09.06.2018, 19:06 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Қала әкімі жол құрылысы және коммуникациялық жүйелердің құрылысымен танысты

Әсет Исекешев қаланы аралауда Тәуелсіздік даңғылынан бастау алып Қалдаяқов көшесіне тірелетін №27 көше құрылысымен танысты. Көше ұзындығы – 6 шақырым. Қазір бұл жерде жол инженерлік және комуникация жүргізіліп жатыр. Әкім жол құрылысын және Есіл мен «Нұра-Есіл» каналы арқылы салынатын көпірлердің құрылысын жыл аяғына дейін аяқтауды тапсырды. Бұл көше Мәңгілік ел және Қабанбай батыр даңғылдарындағы көлік ағынын азайтуы тиіс.

Сонымен қатар, әкім Тұран даңғылынан басталып Айтматов көшесіне дейін жалғасатын Сарайшық көшесінің құрылысымен танысты. Көше ұзындығы 3 шақырым, сегіз жолақты болады. Қазіргі кұнде бұл жерде асфальт төсеу, жеке бұрыстарды жасау, тротуар салу жұмыстары жүруде. Бірінші кезекте бұл жол Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарындағы көлік ағынын 50 пайызға жеңілдетуі тиіс. Әсет Исекешев осы жол бөлігін 1 шілдеде қолданысқа беруді тапсырды.

Құрылысқа мың адам жұмылдырылған, олар екі ауысымда жұмыс жасауда.

Әкімге осы жылы қалада ұзындығы 20,8 шақырымды құрайтын, 22 жаңа көшенің құрылыс жүріп жатқаны және жалпы саны 91 көшені құрайтын ұзындығы 61,15 шақырым жол жөндеуден өтуде. Күрделі жол жөндеу Өндіріс, Агрогородок, Көктал тұрғын алқаптарында және Оңтүстік Шығыс, Ильинка шағын аудандарында да жүреді.

Қазір Арай, Обаған, Бестөбе көшелерінде және Абай даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оңтүстік-Шығыс және Өндіріс шағын аудандарындағы көшелерде күрделі жөндеу жүреді.

Маусым айының аяғына дейін Мәңгілік ел даңғылынан басталып Түркістан көшесіне дейін созылатын Ақниет (№25) көшесінің құрылысы аяқталады. Арай көшесінің бойында және Арай парк аумағында көлік тұрақтары ашылады.

Сонымен қатар, Кұдайбердіұлы, Бейсекбаев, Желтоқсан, Капиталки, Құлтума акын, Байқоңыр, Ақтолқын, Ж.Ақпаев, Сеченов, Бестөбе, Ақжелкен, Хачатурян, Шолохов, Бозторғай, Ер Тарғын, Бұлбұл қобыз, Тайқазан, Келес, Орхон, Сарын көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Одан бөлек, жол-көлік құрылымын дамыту бағытында 37 көшеде инженерлік желілерді және жарық орнату жұмыстары жалғасуда.

Қала көшелерін аралау барысында қала әкімі Көлік және жол-көлік инфрақұрлымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшинға кей көшелерде жұмыс қарқынының баяу жүріп жатқанына байланысты ескерту жасады және ауа райына қарамастан уақытылы аяқтауды тапсырды.

«Қала тұрғындары мен қонақтары осы жолдардың игілігін уақтылы көруі тиіс. Барлық көше уақтылы және сапалы тапсырылуы тиіс», – деді Ә. Исекешев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.