Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.06.2018, 15:00 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Әлеуметтік тұрмысы төмен астаналықтар электронды сауданың әліппесін тегін үйренеді

Астананың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары 1 маусымнан бастап цифрлық сауаттылықты оқып үйренуде. Курс 4 бағытта өткізілуде: «Базалық цифрлық дағдылар», «Ашық үкімет», «Электронды мемлекеттік қызмет» және «Электронды сауда», деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту орталығы халықтың әлеуметтік осал тобын ДК жетік меңгерген тұтынушысы болғысы келетіндерді шақыруда. Арнайы курста дербес компьютерд қолдануды, интернетті және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытып үйретеді.

Сондай-ақ бағдарламада ЭЦҚ көмегі арқылы ХҚКО-на бармай-ақ, үйден шықпастан мемлекеттік қызметті пайдалана алуды үйретеді. Одан басқа, ұйымдастырушылар интернет пен жекеменшік желі байланысы арқылы жасалған қаржы операциясы мен келісімдерді үйретеді, сонымен қатар ақша аудару т.б.

Курсты аяқтағаннан кейін дәрістен өткендігі туралы сертификат беріледі. Бүгінге дейін 17 адам алды. Халықты жұмыспен қамту орталығы екі айдың ішінде 100-ден астам адамды оқытуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, цифрлық сауаттылық бойынша оқытуды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде өткізіп жатыр. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.