Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

12.06.2018, 12:03 Жаңалықтар / Астананың 20 жылдығы
«Үздік әлеуметтік жарнама» байқауы

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2018 жылғы 11-18 маусым аралығында елордадағы жарнама компаниялары мен агенттіктері, креативті дизайнерлер арасында «Үздік әлеуметтік жарнама» байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың мақсаты – Астанадағы жарнамалар мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы талаптарына сәйкестендіру; қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын насихаттау; мемлекеттік тілде сауатты дайындалған жарнама мәтіндерін баршаға үлгі етіп көрсету; дизайнерлердің шығармашылық қабілетін арттыру; жарнама дайындаушының мемлекеттік тілді терең меңгеруіне ықпал ету.

Байқауда Астананың 20 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және мемлекеттік тіл тақырыптары насихатталады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші іріктеу кезеңінде (2018 жылғы 18 маусымға дейін) жұмыстар қабылданады, екінші кезеңінде (2018 жылғы 21 маусым) қазылар алқасы барлық жұмыстарға сараптама жасап, жүлдегерлерді марапаттайды. Байқауға қатысушылар – «Үздік эскиздік жоба» (баннер, билборд және т.б.), «Үздік жарнамалық бейнеролик» (LED экран) және «Үздік жарнама ұраны» атты 3 аталым бойынша бақ сынайды.

Іс-шара жеңімпаздарын марапаттау кеші 2018 жылғы 21 маусым сағат 15.00-де Астана қаласы, «Mega Silkway» ОСО-да өтеді.

Іс-шараға байланысты туындаған мәселелер бойынша 8-775-401-57-01 нөміріне хабарласуға болады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.