Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 12:41 Жаңалықтар / Көлік және автожол
14 маусымнан бастап Керей мен Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Тұран даңғылынан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, осы жылдың маусымайының 14-нен 21-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.