Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 15:18 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Мақсатқа жетелер дара жол

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Әсемгүл Абдрахманова өзінің қилы тағдырына қарамастан «Өзіңнің дара жолынды тауып, еш қиындыққа қарамай, маңдайға жазған тағдырыңмен жұптасу» деген ұранмен өмір сүруде. Ол бала жастан қоларбаға байланған.

Сырқатына қарамастан 12 мүшесі сау адамдарша оқиды, жұмыс істейді, өзінің армандарын жүзеге асыруда. Астана әкімдігінің ресми сайты бүгін іс-қимылында шектеу болғанымен өмірінде, қиялында шектеу жоқ жан туралы айтпақ. 

29 жастағы Әсемгүл дүниеге келгенде сал ауруына шалдыққан деген диагноз қойылған. Өмірі оңай болмады, өзгелерге есігін айқара ашатын кабинеттер бұған жабық болды. Бірақ мұндай жағдайлар жас қыздың сағын сындыра алмады, ол күреспей ештеңеге қол жеткізбейтінін білді және соған дайын болды.

«Мен бар құштарлығыммен өмір сүруге тырысамын, пешенеме жазылғанын көргім келеді», – дейді ол.

Әсемгүлдің бір басында екі дипломы бар. Ол – кәсіби әлеуметтік қызметкер және заңгер. Кейіпкеріміз өзінің еңбек жолын 2012 жылы «ДОС» Тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігі орталығынан бастаған. 

«Осы жерде мен өзімнің ойларымды жүзеге асыра бастадым: біз арбаға таңылған жас мүгедектерге арналған жобаны жүзеге асыра бастадық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін барынша еркін қылуға тырыстық. Олардың барлығы ел қатарлы оқып, жұмыс істеп, адамдармен араласқысы келеді, бірақ олар осы қарапайым тіршілікті жасай алмай отыр. Оның барлығына бір ғана себеп бар, ол мен сияқты жандардың еркін түрде жүріп-тұруына мүмкіндік пен жағдай жасалмаған. Осы кедергілерді жоюға арналған менің авторлық жобамды Тұңғыш Президент қоры қолдап, қазір жүзеге асырып жатырмыз», – дейді Әсемгүл. 

Бірінші орын үшін 1 млн теңге қаржылай сыйлық алып, ойын жүзеге асыруға кіріскен.

«Жоғары оқу орындарының студенттерін (медицина саласы және психолог) мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай сөйлесу, қалай көңіл бөлу жағын үйрету. Өмірімдегі бір мақсат орындалды. Осы кезде мақсат болса оған жетуге болатынын түсіндім», – дейді кейіпкеріміз. 

2014 жылы біздің кейіпкеріміз жұмыс ауыстыруға бел байлап жарнама агенттігіне ауысып, үйден жұмыс жасай бастайды.

«Үйден жұмыс жасау қиын болды, себебі мен бір жерде отырғанды ұнатпаймын. Үйде төрт қабырғаға қарау өте қиын болды», – еске алады.

Соған қарамастан Әсемгүл төрт жыл үйде отырып жұмыс жасаған. Үйде отыра беруді жаратпай, жуырда ғана Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш берген.

Мұнда оған кеңесші бос жұмыс орнын ұсынып, ол келісіп жұмысқа кіріскен. Бүгінде Әсемгүл өзгелермен тең өмір сүріп, жұмыс жасауда. 

«Менің жұмыс кестем 8:30-да басталып 18:00-де аяқталады. Бұл жерде мен адамдармен араласам, олардың маған деген жылылығын сезінем. 29 жылда мен барлығына бой үйреттім. Ешкімге масыл болғым келмейді. Бір жақсысы жұмыс орным үйден алыс емес, бір сағат ерте шығамыз, жаз болған соң мені жеке көмекшім апарады», – дейді ол. 

Әсемгүл анасымен және әжесімен тұрады. Кештерде туғандары мен достарымен серуендеуге шығады. Әсемгүлдің арманы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті сұлулық салонын ашу. 

«Адамдар инклюзив дегенді түсінбейді, ол қоғамға адамдарды тарту, яғни салон барлық жандарға қызмет көрсететін болады, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша ыңғайлы қызмет көрсетіледі. Салонда мен сияқты жандарға барлық жағдай жасалатын болады», – дейді Әсемгүл. 

Бүгін тек бір ғана астанадағы Жұмыспен қамту орталығында 7 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталық 17 мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа орналастырған.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.