Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 16:30 Жаңалықтар / Астананың 20 жылдығы
Астана тұрғындары мен қонақтарын көшпенділердің өмір салтымен таныстырады

30 маусым мен 1 шілде аралығында этноауыл аумағында «Көшпенділер әлемі» көшпенділердің ІІІ халықаралық этномәдени фестивалі басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Биыл фестиваль астананың 20 жылдығына орай атап өтілмек. Шараны «KazakhTourism ҰК» АҚ елорда әкімдігі мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.   

Фестивальдің бағдарламасына кәсіби садақшылардың, көкпаршылардың, бүркітшілердің сайысы кіреді. Қонақтар алғаш рет сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негіздеп жасалған батырлардың көрсетілімдік жекпе-жегін тамашалай алады, сондай-ақ батырлардың шабандоздық және атпен шайқасу өнері көрсетілетін болады.

Фестивальға келгендер көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден мастер-класс алуға: киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйренуге, көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін, Ғұн, Скиф, Сармат, Тиграхауда, Массагет дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аушы құстардың сұлулығына тамсана алады. Осылайша сан қырлы этномәдениетті сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы жаңа біліммен өздерін байыта алады. 

Бұдан бөлек, фестиваль қонақтарына әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама әзірленеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.