Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 17:57 Жаңалықтар / Бизнес және кәсіпкерлік
Инвесторларға бизнесті коррупциядан қорғау жолдары туралы айтылды

«Protecting Business and Investments» атты жаңа жоба инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасау, бизнесмендер мен инвесторлардың мемлекеттік мекемелерге сенімін арттыру және еліміз туралы шетелде жақсы имидж қалыптастыру, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін әкімшілікте қазақстандық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Protecting Business and Investments» жобасы туралы айтылды.

«Жоба мақсаты – барлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау, коррупцияға жол бермеуді қадағалау. Біздің елге келген көп бизнесмендер заңдылық, бюрократия жағынан көп кедергілерге жолығады. Агенттік осындай мәселерге жол бермеу үшін ашық, жүйелі қадағалайтын болады», ­ - деді «Инвесторларға көмек» жобасының жетекшісі Гүлмира Қабиева.

Айта кетейік, «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева бизнесмендерге агенттік пен Астана қаласы әкімдігінің бірлескен «Астана – адалдық алаңы» жобасын таныстырып, қысқа мерзімдегі атқарылған істер туралы айтты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.