Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 20:40 Жаңалықтар / Көлік және автожол
17 маусым күні жабылатын жолдар схемасы

17 маусым күні сағат 08:00-де Астанада малту (1,9), веложарыс (90 шақырым) және жүгіруден (21,1 шақырым) «IRONMAN» турнирінің бірінші кезеңі өтеді. Оған әлемнің 40 елінен 3 мыңға таяу спортшы қатысады.

Марафонның қала көшелерінде өтуіне байланысты алдын ала сақтық шаралары ойластырылып көлік құралдарына «Оңтүстік айналма» жол участогында Аэропорт трассасынан «Нұра-Есіл» каналына дейін, Керей, Жәнібек хандар көшесі бойымен Бөкейхан көшесі қиылысына дейін жолдар жабылады. 

  

Осыған байланысты, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала бағдарлауды сұрайды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.