Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

13.06.2018, 21:32 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Желтоқсан көшесі бойынша қозғалыс 1 шілдеге дейін ішінара жабылады

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы  Желтоқсан көшесі бойынша С. Сейфуллин көшесіндегі учаскеден Московская көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. 

Осыған байланысты автотранспорт құралдарының қозғалысы көрсетілген учаскелерде 1 шілдеге дейін жабық болады. 

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін өздерінің жүру бағыттарын ертерек жоспарлап алғандары дұрыс.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.