Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

18.06.2018, 12:12 Жаңалықтар / Мәдениет
Алматылық театрлар Астанада өнер көрсетеді

Елорда әкімдігінің ресми сайты 18-24 маусым аралығындағы мәдени шаралардың жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайында 18-24 маусым аралығында «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесін, суретші Өмірбек Тлеулиевтің жеке көркем көрмесін, С. Мүсіреповтың «Жаңа бастау» атты жеке көрмесін, «Егемен Қазақстан рәміздері» көрмесін, «Жастар – Астана болашағы» атты көрмені тамашалауға болады.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында елорданың бірқатар мәдени нысаны мен саябақтарында концерттер өтеді деп күтілуде. Мәселен, 18-24 маусым аралығындағы жұмыс күндері сағат 14.00-18.00-де, демалыс күндері 12.00-16.00-де «Астаналық», «Жерұйық», саябақтарында «Саябақтың жеті кереметі» атты шаралар, «Астана Операның» үлкен залында 23 маусымда Дж. Пуччини «Турандот», операсы, «Астана» концерт залының жазғы сахнасында 22 маусымда үрмелі оркестрдің концерті өтпек.

Бұл аптада елорда тұрғындары мен қонақтары «Астана» II Дүниежүзілік театр фестивалінің аясында ел өңірлері театрлары мен шетелдік театрлардың спектакльдерін тамашалай алады.  Астаналық алаңда М.Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрының, елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, лондондық театрдың, Ленсовет атындағы  академиялық театрының әртістері өнер көрсетеді. Қойылымдар Бейбітшілік және Келісім сарайында сахналады.

Мұнымен қоса, 18-24 маусым аралығында елордалық Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында көрермендер назарына алматылық театрлардың спектакльдерін ұсынады. Мәселен, 19 маусымда М. Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театры  А. Володиннің  «Қоштасқым келмейді» драмасын, 21 маусымда И. Сапарбай  «Сыған серенадасы» драмасын, 23 маусымда Алматы қаласының қуыршақтар театры Ш. Айтматовтың  «Ана – Жер Ана» трагедиясын, А. Ионов «Ана жүрегі» драмасын қоятын болады. Дәл осы күні кешкі сағат 19:00-де елордалықтар  «Қуыршақ думан» атты театрландырылған концерттік бағдарламаның қонағы атана алады. 

Ал М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 20 маусымда Ш. Айтматовтың «Красное яблоко» атты мелодрамасының тұсауы кесіледі деп күтілуде. Мұнда 22 маусымда кішкентай көрермендер үшін С. Астраханцев «Братец Лис и братец Кролик» ертегісі, 23 маусымда Л. Никитинаның «Приключение Незнайки и его друзей» ертегісі сахналанатын болады. Сондай-ақ, қонақтар 22 маусымда  А. Пушкин «Евгений Онегин» қойылымын, 23 маусымда К. Людвиг «Примадонны» комедиясын тамашалай алады. 

Астана қаласының қуыршақтар театры да өз көрермендерін қуантпай қоймайды. Мұнда 23, 24 маусымда А. Салаеваның «Сиқырлы сөздер» ертегісі қойылмақ. 

Ал «Жастар» сарайында 20 маусымда бос орындар жәрмеңкесі, 24 маусымда «В ритме лета» атты көпжанрлы балалар байқауы өтеді деп жоспардануда. 

21 маусымда «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық Ғарыш орталығының аумағында «Кометы» и «вода – вид сверху» атты  ғарыш тақырыбына арналған көрме өз жұмысын бастайды. Мұндағы экспозицияларды келушілер қыркүйек айының соңына дейін тамашалай алады. 

22-24 маусымда астаналықтар Есіл өзенінің жағалауындағы амфитеатрда өтетін «Nomad way» Халықаралық көшпенділер фестивалінің куәгері бола алады. 

Сонымен қатар, мәдени іс-шаралармен бірге 11-17 маусым аралығында Астананың саябақтары мен стадиондарында спорттық жарыстар, бәйгелер мен біріншіліктер өтеді деп күтілуде. Мәселен, 22-24 маусымда «Хан-Шатыр» ОСО-да баскетболдан «CABA Quest stop 3х3» халықаралық турнирі, 22-27 маусымда «Жас батыр» спорт кешенінде садақ атудан Қазақстан Республикасының Чемпионаты, 23-24 маусымда «Дәулет» спорт  кешенінде теннистен «Жасыл доп» балалар турнирі, Соқпақ жол торабы» веложолында, «Алаш» тас жолы мен «Астана Арена» стадионында 23-25 маусымда велоспорттан жасөспірімдер арасындағы «Астана Кубогы» ХХХІ-ші республикалық көпкүндік жарысы, Мұстафа Кемал Ататүрік даңғылында 24  маусымда Драг-рейсингтен Астана қаласының кубогы, «Астана-Бәйтерек» монументі алаңында елорданың 20 жылдығына арналған

«Астана-дуатлон 2018» спорттық шарасы, Тәуелсіздік сарайында «SDANCE КУБОГЫ» cпорттық бал билерінен ашық қалалық турнирі өтетін болады. 

Мәдени аптаны «Дос-Мұқасан» тобының 50 жылдығына арналған концерт аяқтайды. Концерт 24 маусымда сағат 20:00-де басталады. Өтетін орны: «Қазақстан» орталық залы

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.