Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

21.06.2018, 17:53 Жаңалықтар / Астананың 20 жылдығы
Астана және Қарағанды облысы өңіраралық кооперацияны кеңейтуге келісті

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев«Астана қаласының күндері» аясында жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды. Қарағандыға келер жолында елордалық делегация Теміртау қаласына тоқтаған. Металлургтер қаласында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығында» экскурсия өтті.

Бұдан кейін Әсет Исекешев елордамыздың 20 жылдығына арналған «Астана қаласы – Қарағанды облысы өңіраралық ынтымақтастық» бизнес-форумына қатысып, Қарағанды қаласының өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарында болды. Форумда аймақаралық ынтымақтастықты дамыту талқыланды. Қатысушылар «Smart City» және басқа да салалардағы тұжырымдаманы іске асыру, сандық форматтағы технологияларды енгізу ісі бойынша тәжірибелерімен алмасты.

«Бүгінгі таңда Қарағанды – біз барған сегізінші аймақ. Басқа өңірлермен бірге елордамыз жемісті ынтымақтастықты жүзеге асыруда, оның барысында сапар барысында 52 меморандум жасалды. 60-тан астам мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді. 45 мыңнан астам қонақ қатысты. Барлық өңірлерге ынтымақтастық және қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді», – деді Әсет Исекешев.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту тиімді әрі керек деп санайды. Аймақ басшысы «Астана Хаб» IT-стартап халықаралық технопарк шеңберінде жалпы кластерге бірігуді ұсынды. Қарағанды облысының Астанаға жақындығы өңіраралық кооперацияны нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып өтті. 2018 жылы «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жаңарту» аясындағы «Астана-Қарағанды» автобан құрылысының аяқталуы аймақтарды одан әрі жақындата түседі.

Қарағанды облысы – елорданың азық-түлік белдеуінің қатысушысы. Мұнда Астананы өнімдерімен жабдықтайтын 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындары бар. 2017 жылға қойылған өнімнің жалпы сомасы 25 млрд теңгені құрады. 2018 жылы қарағандылық кәсіпорындар елордаға 66 мың тонна өнім беруді жоспарлап отыр, бұл – өткен жылғы деңгейден 39%-ға жоғары көрсеткіш.

Форум шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды. Екіжақты негіздемелік меморандумдарда: Астана қаласының әкімдігі мен Қарағанды облысының әкімдігі; «Астана Конвеншн Бюросы» ЖШС-мен Қарағанды облысының кәсіпкерлік Басқармасы; «Астана Innovations» АҚ-мен Басқаруды ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар Қарағанды облысы; «ӘКК "Астана» ҰК АҚ мен «ӘКК«Сарыарқа» ҰК АҚ жасасты.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.