Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

08.07.2018, 11:53 Жаңалықтар / Астананың 20 жылдығы
«Астананың 20 қыры» – елорда тарихында қалың бұқараны жинаған алғашқы байқау!

Бүгін сағат 18:00-де Орталық саябақтағы амфитеатрда «Астананың 20 қыры» мультижанрлық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шығармашылық сайыс – елорда тарихында қалың бұқараны жинаған алғашқы байқау. Астананы мерейтойымен құттықтауға қалалықтар ғана емес, өзге өңірлердің тұрғындары да ниет білдірді. Сараптама комиссиясының назарына үш мыңнан астам жұмыс келіп түсті. Сонымен қатар, байқаудың бірнеше аталымы бойынша жеңімпаздарды анықтау жалғасып жатыр. Қатысушылардың сұранысы бойынша байқауға жұмыстарды қабылдау мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды.

Байқау елорданың тарихы мен көрікті жерлеріне жасалған қызықты саяхатқа айналды. Қатысушылар елорданың бұрыннан таныс қырын немесе өздері үшін жаңа Астананы ашуға тырысты. Мысал үшін, «Фокустағы Астана» 10 инстамиті байқауына 200-ден астам фотограф тартылып, олар индустриалды аймақтағы зауыттарды, «Астана Опера» призмасы арқылы елорданың мәдени өмірін, жаңа серуен және демалыс орындарын, Есіл өзенінің жағалауын, әуежай мен теміржол вокзалын, «Астана Арена» стадионын көрсетті.

«Елорданың бастауларында» квесті көне Бозоқ қаласы заманынан қазіргі күнге дейінгі киелі жерлерін көруге мүмкіндік берді. Оғанмыңнан астам адам қатысты. Балалар «Астана бояулары» суреттер байқауында белсенділік танытты. 350-ден астам баланы жинаған байқауға қатысқан ең кішкентай қатысушының жасы үште. Селфи әуесқойлары да ерекшелене білді. Байқауға 300-ге тарта өтініш түссе, селфиге түскен ең үлкен топ 50-ден астам адамды құрайды.

«Қатысушылардың белсенділігі бізді шынымен де таң қалдырды. Біз өз алдымызға ел тұрғындарының елордаға деген махаббатын әуен арқылы, бейнероликтер мен фотосуреттер арқылы, өлең жолдары, әңгімелер арқылы білдіруінің түрлі қырын көрсету мақсатын қойдық», - деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Данияр Есин.

«Астананың 20 қыры» мультижанрлық байқауы қала тарихын, даму нәтижелері мен перспективаларын, жарқын жетістіктерін бейнелейді. Байқау елорданың, бірінші кезекте, адамдар, олардың тағдыры, жеке оқиғалар, түйсік, шығармашылық пен ерекшелік екендігін көрсетті.Байқауға ниет білдіргендің барлығы қатыса алды. Астананы туған күнімен әлемнің әртүрлі елдерінің азаматтары құттықтады.

Салтанатты марапаттау рәсімі келесіаталымдар бойынша өтті: «Спорт – саулық кепілі», «Елорданың үздік селфиі», «Астанаға арнау», «Астана бояулары», «Елорданың танымал нысаны маңындағы сәнді образдағы үздік streetstyle», «Елордаға үздік сыйлық», «Welcome to Astana», «Astana Public Art», «Елорда бейнелері», «Тәтті Астана», «Астананы әсем қалаға айналдыр!». Марапаттау салтанатынан кейін қонақтар назарына эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

Конкурс қорытындыларына сәйкес, қаладағы «идеялар банкі» «Астананы әсем қалаға айналдыр» және «Astana Public art» байқауларының қатысушылары ұсынған бастамаларымен, ұсыныстарымен толыға түсті. Байқаудың 8 жасар қатысушысы елорданың мерейтойына орай бірден 20 идея ұсынса керек. Бұдан бөлек, қала тұрғындарының назарына сайысқа түскен фотосуреттерден құралған ломожар мен Астананың жаңа көріністері бар фотокітап ұсынылды. Мұнымен қоса, қала құттықтау хаттары, десерттер, өлеңдер мен әндер сияқты көптеген сыйлықтарға ие болды.

«Байқауға көптеген адамдардың ниет білдергені қуантады. Біздің Астана – жас әрі өршіл қала. Азаматтардың біздің шақыртуға бей-жай қарамай, Астанамыз үшін көп дүние жасағаны өте қуанышты жағдай», - деп бөлісті Данияр Есин.



Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.