Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.07.2018, 09:20 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Астана қаласы қоғамдық көліктерінде жол жүруге арналған тарифтің өзгеруі туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы ережесіне сәйкес «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап астананың қоғамдық көліктерінде және қала маңындағы қатынастарда тарифтің өзгергені туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, белгіленген тариф астана қалалық қоғамдық көлік қатынаста электрондық жүйе арқылы төлеген кезде дифференциялауға жатады.

Осы айтылғандарды ескере отырып, астананың жолаушыларды және багажды қалалық және қала маңындағы қатынастарда тасымалдау тарифтері мынадай мөлшерде белгіленеді:

әдеттегі қалалық жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде қолма-қол ақшасыз электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем 90,0 теңге;

әдеттегі қалалық жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде қолма-қол ақшамен төлеген кезде 180,0 теңге;

экспресс жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде қолма-қол ақшасыз электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем 180,0 теңге;

экспресс қалалық жолаушыларды және багажды тасымалдау кезінде қолма-қол ақшамен төлеген кезде 250,0 теңге

Астана қаласының қала маңындағы қатынаста электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем жасағанда 1 километр 8,0 теңге;

Астана қаласының қала маңындағы қатынаста ақшалай төлем жасағанда 1 километрге11,5 теңге төлейді;

Ескеретін жайт, жол жүрудің электронды төлем жүйесі бұзылған жағдайда, электрондық жол жүру құжаты арқылы төлем жасайтын жолаушы тегін жол жүруге құқылы.

Астананың қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктерде 7-ден 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес жол жүру құжатының (билеттің) толық құнының елу пайызын төлеу қарастырылады. 

Жеңілдік қарастырылған азаматтар үшін Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне сәйкес «Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне сай қалалық жолаушылар көлігінде жол жүру құнын төлеуден босату» шешімі өзгеріссіз қалады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.