Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.07.2018, 15:33 Жаңалықтар / Абаттандыру
Қала әкімі «Астана – ыңғайлы және қауіпсіз қала» жобасы аясында ашылған нысандарды аралады

Елорда әкімі Әсет Исекешев қаланы аралап, қала тұрғындары үшін салынған жаңа урбанистік нысандарды көрді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Алдымен Әсет Исекешев Гүлдер бақшасындаболды. Бұл қаланың бірегей көрікті жері. Бақшаның басты ерекшелігі ол жаяу жүргіншілердің арт-объектісін білдіреді. 


Астана әкімі қала тұрғындарының бос уақытын сапалы өткізу үшін саябақта барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Мұнда спорт және балалар ойын алаңдары, фото алаң, сондай-ақ үш автотұрақ және ескі тас төсемдерді жаңа «мозаика» стиліндегі түрге ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталды. 

Сонымен қатар, Әсет Исекешев Рысқұлбеков көшесі, 16 мекен-жайында орналасқан «Алма» скверінің ашылуында болды. Айта кетейік, бұл алаң бос жатқан еді, осы ауданда тұратын тұрғындардың көптеген өтініші бойынша үш аптаның ішінде 70 шаршы метрді құрайтын аумаққа сквер салынды. 

Гүлбақта футбол алаңы, балалар алаңы, спорттық алаңдар, тренажерлер workout, балалар ойын-сауық аймағы, демалу аймағын, көгалдандыру, шағын сәулет нысандары орнатылды. 

Бүгін гүлбақта мерекелік көңіл-күй орнады: балаларға алма таратылып, ересектер таңертеңгілік гимнастикаға қатысты.

Астана күніне орай Абылайхан даңғылы 4, 4/1, 4/2, 6, 6/1, 6/2, 6/3, 6/4, 10 мекен-жайлары бойынша аулаішілік абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Әкімнің хабарлауынша, аулалар қосымша автотұрақтармен, спорт алаңдары, демалу орындары, балаларға арналған ойын алаңдары, жарықтандыру аспаптары орнатылған.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 1,4 мыңнан астам аулаішілік алаңдар бар. Оның ішінен биыл 300-ге жуық ауланың жай-күйін нормативтік талапқа сай ету жоспарланған.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.