Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.07.2018, 11:12 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Мыңға жуық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Астанаға экскурсияға келеді

«Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба 4 маусымда бастау алып тамыз айында аяқталады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осылайша, 9 шілде күні Астана әкімдігі «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС тұлғасында «Астана – менің Отанымның елордасы» арнайы әлеуметтік жобасының аясында Маңғыстау облысынан келген балаларға (36 адам) үш күндік экскурсия ұйымдастырды.

Осы жобаның арқасында еліміздің барлық аймағынан Астанаға мыңға жуық жетім бала, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасыдан шыққан, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Қазірдің өзінде елордаға төрт жүзден астам бала келіп, қаламен танысып қайтқан..

Экскурсиялық бағдарламаға қаламыздың көрнекті орындары мен балалар ойын-сауық объектілері енген.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.