Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.07.2018, 13:09 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Тұран даңғылындағы қозғалысқа ішінара шектеу енгізіледі

Қала көшелеріндегі жолдарда кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Қорғалжын тас жолы мен Сарайшық көшелерінің аралығында жатқан Тұран даңғылының учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Осыған байланысты, 11 шілдеде сағат 22:00-ден бастап – 18 шілдедегі сағат 18:00-ге дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады», - делінген басқарма таратқан хабарламада.

Сызбаны Астана қаласы ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасы ұсынды. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.