Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.07.2018, 19:43 Жаңалықтар / Жұмысқа орналастыру
Жыл басынан астанада 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Астананың еңбек нарығындағы ахуал бүгінде тұрақты. Астана жұмыссыздықтың 4,6 % ең төменгі деңгейімен алдыңғы қатарда келеді.  Алты айда елордада 11 мыңнан астам жаңа жүмыс орны құрылды. 

Жуық арада Астанада киберқауіпсіздік бойынша оқыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, оқығыс келгендерге мобильді қосымшаны әзірлеуді де үйретеді. Осы жылы кешенді жоспар бойынша, барлық мемлекеттік және басқа да бағдарламалар аясында 24 500 адамды қамту көзделген.   

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау мақсатында жуырда «мобильді қосымша әзірлеуші», «анимация және видеографика», «киберқауіпсіздік саласындағы маман» мамандығы бойынша оқытқалы отырмыз», – деді Ә. Исекешев. 

Бұдан басқа, Астана әкімінің айтуынша мемлекеттік тапсырыстың ішінде бұрынғы ескірген мамандықтардың бәрі алынып тасталған. 

«Биг дата» технологиясының көмегімен мемлекеттік тапсырыстың ішінен ескірген мамандықтар алынып тасталды. Осыған байланысты, мемлекеттік тапсырыс толығымен қайта қаралды. Қала шаруашылығы үшін сұранысқа ие мамандықтардың тізімі анықталды, яғни лифтіге қызмет көрсететін инженер, газификация маманы, мәселен бүгінде тапшы мамандар мысалы географияны оқытатын қазақ, ағылшын тіліндегі педагогтар, құрылыс пен жобалаудағы жоғары технологиялы мамандықтар, киберқауіпсіздік, өнеркәсіп, транспорт, медицина мен білім», – деп түсіндірді Ә. Исекешев. 

Астанада жоғары және орта білімге тапсырыс көбейді. Кешкі және жексенбілік қысқа мерзімді курстар ашылуда, бұл нарықта және құрылыс объектілерінде жұмыс істейтін жастардың жаңа мамандық алуына және қосымша табыс табуына жасалған жағдай. 

Осы жылы аталмыш жобаның көмегімен астанадағы 30 мыңнан астам тұрғынды оқыту жоспарланды, 17 мыңы мемлекеттік тапсырыстың есебінен оқытылады. 

Бұдан бөлек, жиын барысында биыл оқыту кезінде мемлекеттік тілдің 45%-дан 65% өсетіні айтылды. Оның ішінде тұңғыш рет мемлекеттік тілде «BIM-менеджер-жобалаушы, «медициналық оптика», «фармация», «монтаж», «техқызметкөрсету және медтехниканы жөндеу», «су желілерін жүргізу бойынша сметашы», «әлсіз токты құрылғылар монтажнигі», «КИПиА слесарі», «лифтер».

«Жалпы алғанда биыл кешенді жоспар бойынша яғни мемлекеттік және өзге де бағдарламалар аясында 24 500 адамды қамту жоспарланған», – деп сөзін қорытты Әсет Исекешев.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.