Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

11.07.2018, 21:17 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Елордада «Астана – жайлы және қауіпсіз қала» бағдарламасы іске асырылуда

Елордада «Астана – жайлы және қауіпсіз қала» бағдарламасы шеңберінде жобаны іске асыру жалғасуда. «Қолжетімді қадам» қағидасы бойынша Астанада саябақтар, скверлер, спорт және балалар алаңы, қоғамдық орындар ашылып жатыр. Осындай объектілердің бірнешеуіне бүгін Астана әкімі Әсет Исекешев пен Денсаулық министрі Елжан Біртанов бірге барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сарыарқа ауданындағы Боталы 26 мекен-жайында орналасқан Отбасылық денсаулық орталығы № 4 қалалық емхана жанындағы «Дәрігер үйде» жобасы шеңберінде жұмыс істейді. 

Орталық жақын маңайда орналасқан халыққа алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетудің қолжетімділігін жақсарту үшін ашылған. 

«Орталық екі ауысымдағы режимде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Жоспар бойынша ауысымда келушілердің саны 40 адамды құрайды. Қызмет көрсетілетін халықтың саны 8000, оның 5480 үлкендер, 2520 балалар. Алғашқы медициналық жәрдемді көрсету үшін терапевт, педиатр, процедуралық және екпе кабинеттері қосылды. Сондай-ақ дәрігерге дейін қарайтын кабинеттер бар, онда профилактикалық скрининг тексеру мен қажет болған жағдайда кейінге қалдырылмайтын көмек көрсетіледі. Аталған кабинеттер қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, ЭКГ, тестің экспрестік талдауы, пикфлоуметр, пульсоксиметрлер бар», – деді № 4 емхананың бас дәрігері Серік Шаймерденов.

Осы ашылған Отбасылық денсаулық орталығында электронды денсаулық құжатына ауысу үшін барлық жағдай қарастырылған. 

«Саяхтшылар» сквері Иманов-Уалиханов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрын гүлзардың орнында ескі апаттық үйлердің ғимараты болыпты. 

Бұл елорда тұрғындарының уақытын қауіпсіз әрі жайлы өткізу мақсатында салынған жаңа урбанистік объектілердің бірі. 

Скверде тренажерлер мен балалар алаңы, орындықтар, урна, жарықтандыру, тротуарлар мен демалыс аймағына арналған алаң, ағаштар отырғызылған. Бұдан басқа, мұнда декоративті шағын архитектуралық формалар – «Перегол», «Фуко маятнигі» орнатылған. 

«Астана – жайлы және қауіпсіз қала» қағидасы шеңберінде Иманова 8 А, Жұбанова 4, Шонанұлы 39 мекен-жайлары бойынша «Street Workout» спорт алаңы салынды. 

Әрбір алаңның көлемі – 200 шаршы метр. Әр алаңға 20-дан астам спорттық инвентарлар қойылған. Мұнда өзіңіз айналысатын ашық аспан астындағы трендтік спорт бағытындағы құралдар тұр. Негізгі жаттығулар турникте, брусья және басқа да спорт құралдарында жасалады. 

Астана әкімі бос уақытты пайдалы ұйымдастырудың арқасында жастардың жағдай жасап қойған жерлерде жаппай көше спортымен айналысу мүмкіндігі пайда болғанын айта кетті.

Жоба «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің аппараты мен «Street Workout» Қазақстан федерациясы РҚБ арасындағы қол қойылған меморандум шеңберінде жүзеге асырылуда.

А. Бараева 11/1-дегі «Жанұя-1» отбасылық дәрігерлік амбулатория 10 мың адамға қызмет көрсетуге және ауысым сайын 50 адам келуге лайықталған. Мұнда қазір жалпы практикалық дәрігер, педиатр, терапевт, акушер-гинеколог, ашық процедура мен екпе кабинеттері және зертханалық тексерулер, ЭКГ, скрининг жүргізіліп жатыр. 

«Жанұя-1» ОДА ашылуының арқасында № 4 және № 8 қалалық емханаларға түскен жүктеме жеңілдеді. 

Бүгін астана әкімі мен денсаулық сақтау министрі Айтматов 36 мекенжайында орналасқан «Жағалау» отбасылық денсаулық орталығын ашты. Бұл жер 30-40 мың адамға қызмет көрсетуге есептелген. 

Орталықтың ашылуы қалалық № 9 емхана мен Республикалық диагностикалық орталық жанындағы емхананың жүгін жеңілдетпек. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.