Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

17.07.2018, 20:22 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Қоғамдық көлікке кететін жолақыны қалай үнемдеуге болады

Елорда әкімдігінде қоғамдық көлікте жүру тарифі жоғарылауының басымдықтары туралы айтып берді.

Белгілі болғандай, 21 шілдеден бастап, қоғамдық көліктегі жолақысын ақшалай төлеу кезінде оның мөлшері екі есе көтеріледі. Ал карточка арқылы төлемді жүзеге асыру кезінде оның құны еш өзгеріссіз қалады. Бұл өз кезегінде жолаушылар легі көрсеткіштерін анықтап, тасымалдаушылардың шынайы кірісін көруге мүмкіндік береді.

Ақшалай төлеу кезінде жолақысының құны не себепті қымбат болады?

Көліктік карта арқылы жолақысының құны 90 теңгені құраса, төлем ақшалай жүзеге асырылса, жолаушы 180 теңге төлеуі тиіс. Бұл өз кезегінде елорда тұрғындарын төлемнің электронды жүйесін пайдалануға ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде бюджетке құйылатын қаражаттың ұлғайып, тасымалдаушылар қызметінің ашықтығы көлеңкелі ақша айналымы азаяды, деп күтіледі. 

Кедейлікке ұшырамау үшін көліктік картаны қалай пайдалану керек?

Еске салу керек, көліктік картаны пайдаланушылар үшін алғашқы валидациядан кейінгі 60 минут ішінде басқа қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі сақталады.

Басқа көлікке отыру тек қалалық бағдардан қалалық бағдарға, экспресс бағдардан экспресс бағдарға, қала маңы бағдарынан қалалық бағдарға мүмкін. Осы ерекшелік есепке алына отырып, қоғамдық бағдарда жүру құнына автоматты түрде 45 теңгеге дейін ақша құйылады.

Тарифтерді қалай таңдау керек?

16 шілдеде пайдаланушылардың ыңғайы үшін «Көліктік әмиян» мен «Бір айлық жол билеті» тарифтерінен басқа көліктік картаға арналған барлық тарифтік жоспарлардың барлығы жойылған болатын.

Мұндай амал картаны толтыруды, оны қолдануды оңтайландыратуға бағытталған.

Бұдан былай картаны толтыру кезінде сіз белгілі бір тарифті таңдамайтын боласыз. Сіз өз картаңызға 100-ден 5000 теңгеге дейінгі мөлшерде қаражат сала аласыз.

Тариф қалалық, экспресс және қала маңындағы барлық бағдарларда күшіне енген. «Қала/Город», «Тұлпар/Экспресс», «Аймақ/Қала маңы І, ІІ, ІІІ, ІV» тарифтерін жүктеп алған пайдаланушылар оларды көліктік картадағы жүріс саны аяқталғанға дейін пайдалана алады.

Сонымен қатар, көліктік картаны сирек қолданушылар үшін 10 жүріске арналған толтырылмайтын көліктік карталар қарастырылған. Олар да қоғамдық көлікте жүру кезінде 90 теңге төлеп, бір сағат ішінде басқа қоғамдық көлікке тегін отыра алады.

Көліктік картаны қайда және қалай толтыруға болады?

«Astana LRT» ЖШС-нің автоматтар мен мамандандырылған карталарынан басқа 21 шілдеден басқа көліктік картаны терминалдар, қосымшалар мен QIWI сайты арқылы толтыруға болады.

Жолақысын төлеудің электронды жүйесі Астанада «offline» режимінде жұмыс істейді. Мәліметтердің синхрондалуы 12 сағат ішінде жүзеге асады. Осыған орай, QIWI арқылы толтыру12 сағат ішінде белсендіріледі.

Бұдан бөлек, шілде айының соңына дейін картаны «Сбербанк» АҚ ЕБ, «ForteBank» АҚ, «Банк Центркредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «Tengri Bank» АҚ (бұрынғы PNB), «Банк ВТБ» АҚ ЕБ (Қазақстан), «Альфа Банк» АҚ ЕБ интернет-банкингтері арқылы төлеу қызметі енгізілетін болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.