Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

07.08.2018, 12:43 Жаңалықтар / Әлеуметтік сала
Елорда кинотеатрларында балаларға арналған қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастырылады

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6 тамызда Астана қаласының әкімдігі «Kinopark Theatres» кинотеатрлар желісі мен «Q Group» компаниясымен бірлесіп «Монстры на каникулах 3» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды. «SOS балалар ауылы» мен «Бала асырап алуды қолдау орталығының» 176 тәрбиеленушісі шараның басты қонағы атанды,деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елдің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру, халық арасында меценаттықты насихаттау, сондай-ақ, мәдениетті жоғарылату мен әлеуметтік бейімдендіруге қолдау көрсету мақсатында «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрында қайырымдылық көрсетілім өтті. Көрсетілім алдында аниматорлар балалар үшін ойын-сауық шаралары мен түрлі конкурстар өткізді. Попкорн мен сусындарды балаларға «Q Group»компаниясы ұсынды. 

«Бастауын бүгін алған жоба Астана қаласының жастарын, аутизмге шалдыққан балаларды әлеуметтендіруге бағытталған. Біздің бастамамызды қолдағаны үшін өз алғысымызды «Kinopark Theatres» кинотеатрлар желісі мен «Q Group» компаниясына алғысымызды білдіреміз. Оның арқасында балалар өздерінің сүйікті мультфильмдерін кинотеатрларда тегін тамашалай алады. Осылайша біз қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына аудартқымыз, олардың жақсылыққа деген сеніміне, қоғам тарапынан махаббатты, қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік бергіміз келеді», - деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Ал «Q Group» компаниясының өкілі Ляйля Абдрахманова шараның қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына аудартуға, олардың жақсылыққа деген сенімін, қоғам тарапынан махаббатты, қолдау мен қамқорлықты сезінуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Бұдан бөлек, қайырымдылық науқанды өткізу «Кедергісіз Қазақстан» акциясының бастауы екендігін атап өтуге болады. Өзінің «Қазақстан жолы 2050» атты жолдауында Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөлу қажеттігін, мұндай азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру жұмысын белсендендіру қажеттігін баса айтқан болатын. 

Осы ретте елімізде тұңғыш рет аутикалық спектрі бұзылған және сал ауруына шалдыққан балалар үшін бір ай көлемінде әр сәрсенбіде «Kinopark 8 IMAX Saryarka» кинотеатрында мультфильмдер мен уәждемелік бейнероликтер тегін көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Монтажерлер жарықты, дыбыстық әсерлерді бәсеңдетіп, ыңғай үшін есікті ашып қояды. Бұдан бөлек, кинотеатрдың қызметкерлері мен балалардың ата-аналары үшін ерекше күтімдегі балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағытталған тренингтер өткізілетін болады. 

«Kinopark Theatres» кинотеатрлар желісі мен «Q Group» компаниялары тобының жетекшілігі елорданың, елдің басқа қалаларындағы кинотеатрлары желілерін «Кедергісіз Қазақстан» акциясын насихаттауға, осыған ұқсас көрсетілімдерді ұйымдастыруға шақырады. 


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.