Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

08.08.2018, 15:24 Жаңалықтар / Көлік және автожол
Пушкин көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабық болады

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде А. Пушкин бойынша Абай даңғылынан К. Циолковский көшесіне дейінге учаскеде жөндеу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Осыған байланысты 8 тамыздан (сағат 16:00) 20 тамызға дейінгі аралықта көрсетілген учаске бойынша автотранспорт құралдарының қозғалысы жартылай жабылады. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.